«Жұлдызды айқастықтардың» әріптестері, яғни отандық актрисалар болса, визажист мамандардан сөз естіді! Шеберлердің айтуынша, шамадан тыс бояну – қазақ аруларына жараспайды! Сонда, мэйк аптың бүгінгі тренді қандай? Жауабын тілшіміз біліп көрді.
Ольга Бузова, Вера Брежнева, Алена Шишкова мен Анастасия Решетова. Бұл Мәскеулік визажист Селя Кучумованың жұлдызды тұтынушыларының бір бөлігі ғана. Елімізге табан тіреген шебер, отандық жұлдыздардың макияжына да қатысты өз ойын ортаға салды.
Selya Kuchumova, визажист (Ресей):
- Қазақстандық арулар өте жарқын, таетралдық макияжды жақсы көреді. Алайда, бұл дұрыс емес. Қазір Еуропа мен Мәскеуде барлығы табиғилыққа көшкен. Оның үстіне қазақ қыздары азияттық келбетіне қарамастан, араб макияжына жақын. Бұл оларға келмейді.
Бузова болмаса да, отандық жұлдыздарды әрлеп жүрген Динат та әріптесінің айтылған сөздерімен толықтай келіседі. Талай қыздың әсем көрінуіне септігін тигізіп жүрген өнер иесі, қазақ қыздарының бояусыз-ақ, әдемі екеніне сенімді.
DINAT, визажист (Қазақстан):
- Шыны керек біздің қазақ қыздары өзі де әдемі, Алла тағала өзінің табиғи сұлулығын беріп қойған. Орысша айтқанда, «фактурная» дейді ғой біздің қазақтың қыздары. Сондықтан, өзінің табиға сұлулығын біраз ғана сызып қойса.
Шебердің бұл сөздері, әсемдік қуған аруларға міндетті түрде жетеді деген үміттеміз. Ал, аля-натурельден өзге, биылғы жылдың мэйк апқа қатысты трендтері жетерлік.
Санди Бексырға, визажист (Қазақстан):
- 2019 жылдың трендтері қатты бояу жасамау керек. Көбінесе, 80-шы жылғы мода қайтадан қайтып келді. Жылтыр теньдер, қызық түсті помада, қоңыр түсті помада, шашқа обьем.
Қысқасы, мэйк апта да, сән әлеміндегідей өз қағидалары жетерлік. Көштен қалғыңыз келмесе, визажистердің кеңесіне құлақ асқан жөн болар.