Артур Төлепов осыдан екі ай бұрын әке атанғанымен, ерекше сезімді енді сезініп жүр. Өйткені, жеті айға толмай өмірге келген өнерпаздың тұңғышы, күні кешеге дейін дәрігерлердің жіті қадағалауында болған. Араға уақыт салып, жас ана мен сәби перзентханадан шықты.
Иә, бұл сәтті Төлеповтер әулеті қанша күтті. Қаңтарда туған сәбидің денсаулығы, сәуірде тәуір болған секілді. Межелі мерзімінен бұрын дүниеге келген бөбек, үш айға жуық ақ халаттылардың назарында болған.
Артур Төлепов, актер:
- 980 грам болып келді. Қазір Құдайға шүкір 2 килограм. Ет жинап, күш жинап, осылай үйге шығарып жатыр енді. Құдайға шүкір бәрі жақсы!
Абылайхан Артурұлы! Актердың атұстарына азан шақырып, ат қойған атасы екен. Ал, немересін сарыла да, сағына күткен апасы, қуаныштан қатты толқып жүр.
Салтанат Бисембаева, А. Төлеповтің анасы:
- Көптен күткен немерем үйге келіп жатыр. Үш ай күттік. Больницада жатты. Құдайдан тілейтінмін аман-есен үйге құшақтап алып шықсақ екен деп. Сол күн болды!
Абылайханның өкіл анасы мәртебесі актриса Гүлнара Байбосыноваға бұйырыпты.
Гүлнара Байбосынова, актриса:
- Артур екеуміз кинода таныстық. Сосын туысқан болып шықтық. Артурдың анасы және мен апалы-сіңілі. Өйткені бір рулас болып шықтық. Біз үшін яғни қуанышты күн. Өйткені сәбиіміз келіп жатыр.
Артурдың жанұялық өмірдегі жаңа жетістігі, оның сүрбойдақ достарына да жауапкершіліктің жүгін сезіндіргендей.
Олжас Әлжан, актер:
- Артур бауырымыз дұрыс шешім қабылдап, үйленіп, осылай балалы болып жатқанда баршамыз бір қуандық. +00:07:12 Артурдың үйленуі біз үшін жетістік. Бізге де отбасы құрып, тез-тез бала-шағалы болудың үлгісі. Досымыздың осы қуанышына ортақтасып келіп жатқанымыз күшті бір жәйт.
Бүгінде жас ана мен кішкентай батырдың денсаулығы жақсы. Жұлдызды жанұяның ендігі мақсаты – келешекте көп балалы отбасылардың тізімін толықтыру!
Артур Төлепов, актер:
- Енді бәрі Алланың қалауымен ғой. Бірақ енді өзім 4 деген санды қатты жақсы көремін. Солай болып қалуы мүмкін!