Отандық жұлдыздар да, кәсібін талай рет ауыстырған. Мысалы, Тәуекел Мүсілім танымалдылыққа ие болмай тұрып, даяршы қызметін атқарған екен. Өнер иелерінің алғашқы табыс көзі туралы тілішіміз біліп көрген еді.
Талай фильмдерге түсіп бағы ашылған Тәуекел Мүсілім, бүгінде сұранысқа ие. Тележүргізушілікті де, әншілікті де байқап көрген сері, алғашы нәпақасын даяршылықтан тапқан.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Өзім негізі бұрын киноға келмес бұрын официант болып жұмыс істегенмін. Сондықтан кішігірім бұл кәсіп жақын деп ойлаймын. Көптен жаңағы студент кезде официант болдық содан кейін енді істеген жоқпыз ғой.
Тәуекелдің өнердегі әріптесі, әрі досы Асылхан Төлепов болса, есеп-қисапқа жақын болып шықты. Студент кезінде жеміс-жидек сатып күн көрген ол, базарда жүріп талай нәрсені үйрендім деп отыр.
Асылхан Төлепов, актер:
- Мен Алтын ордада жұмыс жасағанмын. Банан саттым. Жаз сайын, сабақ кезінде де болды сондай сатып жүрген кездер. Оқудың ақшасын шығару керек деген сияқты.
Балжан Бидаш өнер әлемінен алыс кетпегенін айтады. Кішкентайынан сахнада өскен әнші қыз, алғашқы табысын тойға шығып тапқанын жасырмайды.
Балжан Бидаш, әнші:
- Барлық жастар жас кездерінде студент кездерінде қалаға келгенде күндерін көру үшін неше түрлі жұмыстар істейді. Менде де ондай болды. Оқуымның ақшасын өзім төледім. Тойларда ән айттым.
Той-томалақта тек Бидашка ғана емес, «Newton» тобының экс-мүшесі Смит те өнер көрсеткен. Рэпер сиқыршы болған кезіндегі табысын есіне алды.
Smit, рэпер:
- Нан таптым, менің наным ол фокус болды. Тойға шығып өнер көрсетіп, халықтың берген ақшасын алып жүрдім бір сөзбен айтуға болады.