«Тақтар ойыны» актерларының да, телехикаяға дейінгі тағдырлары мүлде өзгеше еді! Лента киногерлерге танымалдылық қана сыйлап қоймай, әлемдегі ең үздік сериалға айналып отыр. Ал, жаңа маусым қарсаңында көрермендер картина үшін түрлі жанкештілікке баруда!
Якутск тұрғындарының «Тақтар ойынына» айтар алғысы мол! Телехикаяға деген махаббатттары соншалық, жергілікті халық жобаның авторына арнап, күмістен мүсін ұсынбақ. Джон Сноу пішіндес сыйлықты әзірлеу үшін, якуттық жанкүйерлер үйлеріндегі бар күміс әшекейлерін өткізген.
Мексикалықтар, аз уақытқа болса да өздерін «кхалиси» ретінде сезініп көрді. Мехико қаласында лентадағы әйгілі темір тақтың көшірмесі орнатылды.
Маргарита Васкес, «Тақтар ойыны» жанкүйері:
- Телехикаяны отбасымызбен бірге сүйіп тамашалаймыз. Енді міне, өзімізді сондағы кейіпкерлер ретінде, құдды бір билігі бар адамдардай сезініп отырмыз.
Телехикаяның кезекті маусымының жарыққа шығуы Дэвид Петерсонды да бейжай қалдырмапты. Америкалық лингвист «Тақтар ойынындағы» кейіпкерлердің бір-бірімен тілдесетін дотракийялық сөздерін түсіну үшін арнайы дәріс жобасын ойлап тапты. Еске салсақ, бұл - ойдан шығарылған тіл.
Дэвид Петерсон, лингвист:
-Джорд Мартин ойлап тапқан тілді үйретуде, автордың өзінің тіркестерін қолдануға тырыстым. Меніңше, көрерменге кейіпкерлердің не туралы айтып жатқандығы қызық.