Ким Кардашьян енді адвокат болмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Ким Кардашьян адвокат болмақ. Сәнбике дәл осы қызметті қолға алу үшін арнайы білім алуға да әзір. Былтыр бірнеше қылмыскер әйелдерді бостандыққа шығарып алған Канье Уэсттің жұбайы, шабыттанып алған сыңайлы.

Кардашьян әулетінің жұлдызы заң қызметкері атану үшін, Сан-Франциско қаласына 4 жылдық оқуға аттанады. Саясатқа жаны құмар сәнбике АҚШ президенті Дональд Трамптың өзін, өткен жылы есірткемен сотталған 63 жастағы әйелді түрмеден босатуға көндіріп алған еді. Енді Ким арнайы білім алып, 2022 жылы нәзік жандыларды қорғауды қолға аламын деп отыр.