Кадрдан тыс

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарованың қол астындағы «Рензо» тобы камера қосылса, қобалжуды әдетке айналдырған. Бұл бойзбендтің сұхбатқа деген немқұрайлылығы ма, әлде әнші жігіттердің әзірлігі мәз емес пе? Дәл қазір кадрдан тыс қалған жайттарды, жұрт назарына ұсынбақпыз!

Рензолық жігіттер сырт көзге салмақты көрінгенімен, камера қосылса қобалжиды. Журналистермен жүздесе қалса, нағыз күлегештердің өзі.

«Renzo» тобы:

-ММММ...

Мүмкін бойзбендке ақылдасып алу керек шығар...

«Renzo» тобы:

-Қандай болды сұрақ? (ақылдасып көреді) Былай айтсақ болады: Потому что мы сами писем... ой, сами пишем.. Типа өзіміз жаздық деген сияқты.

«Рензо» тобы - жас буынның өкілі. Тілшінің сауалына тосылуы орынды делік. Ал, тәжірибелі әртіс Мәдинаға не болды дерсіз..?

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Сұрағың қандай болған еді? Ұмытып қалдым ғой.

Келесі кейіпкеріміз – Сәдуақасова! Мәдина сұхбат сәтінде өте сезімтал! Кедергі келтірмегеніңіз жөн. Әншіге жолданған сауал, дәл қазір түсіріліп жатқан жаңа видеосы жайлы.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Жауапсыз махаббат және де мүлдем... (басқа адамдардың дауысы естіліп кетеді.) Мына кісілерді күтеміз бе, сөйлеп болсын деп? Сөйлей берейік пе?

Бірақ әнші бикеш мардымды жауап беруге асықпайтын секілді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Хорошо, болды онда. Бәрін сатырлатып айтып берсем, қызық болмай қалатын сияқты. Кеттік!

Бейнебаянның желісін жұмбақ ұстағысы келген әнші, әлдебір нәрсеге алаңдаған сияқты. Оны өзі де жоққа шығармайды!

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Өте сәтсіз болып тұр...

Сұхбат сәтсіз болғанмен, Сәдуақасовадан сәтті клип күтеміз. Таяуда тұсауы кесілетін туындыда, Мәдинаның ән әлеміндегі 20 жылдық тарихы суреттеледі. Тың трек «Үнсіздік» деп аталады!