Жан-жаққа тарап кеткен экс-кешьюлік арулар кинокартинада төбе көрсетпек! Жеке орындаушылыққа бет бұрған Сара Амангелді мен тұңғышына аяғы ауыр Элизат Берікова бұл жолы сахнадан емес, түсірілім алаңынан табылды. Қос құрбының басын қосқан қандай фильм?
«Мен сені сүйемін». Аты айтып тұрғандай, таспаланып жатқан туынды сюжет желісіне қос ғашықтың бір-біріне деген кіршіксіз сезімін негіз еткен. Ал, басты рөлде – Сара Амангелді. Әнші кинода да муызыкант арудың образын сомдаса, Жандос Айбасов оның сүйіктісі кейпінде.
Жандос Айбасов, актер:
-Қазіргі таңда бізде көбінесе комедия түсіріп жатыр. Мелодрама бізде өте аз. Бұл махаббат жайлы. Шын махаббат жайлы. Сол, бұл жердегі тарих қызықты болып жатқан соң, осы жұмысқа келістім.
Лентаның продюсерлік тізгінін өз қолына алған Гүлнұр Мамасарипова фильмнің сценариі қызы Сара Амангелдіге арнап жазылғанын жасырмайды. Актерлік құрам да, әнші аруға негізделіп іріктелінген көрінеді.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
-Актерский состав маған қатты ұнады. Адамды сезіну ғой. Бұл жақта да коллега ретінде маған ыңғайлы болып тұр. Әр адамның бейнесі өзіне жарасып тұр. Сондықтан маған ойын жағынан оңайырақ келеді.
Сараның қолқасымен Элизат Берикова да киноға шақырту алған екен. Өмірдегі қос құрбы, мелодарамада да жан достар.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
-Қазір өзі в положений, екі қабат. Бірақ сонда да келіп, сегізінші ай болса да, кәдімгідей қанша сағат, бестен келіп, осында түсіп, он екіге дейін тұрып. Қатты риза болдым. Сондықтан да, осы жақта да менің құрбым болып ойнайды.
Экс-кешьюліктерден өзге, картинада төбе көрсететін жұлдыздар жетерлік. Берік Айтжанов, Шәріп Серік, экс-Джейрандық Медина мен өзге де танымалдар киноға таспалануы тиіс. Ал, фильм осы жылдың соңына қарай, жарық көреді деп жоспаралануда.