Жеңіс Ысқақова «жұлдызды ене» мәртебесінен айырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ысқақова «жұлдызды ене» мәртебесінен айырылды. Иә, 2017-ші жылдың жаз мезгілінде үйленген әншінің ұлы мен келіні екі жаққа кетіпті. Жас жұбайлардың дәм-тұзы неге жараспады? Жеңіс ханым болған жайды бүкпесіз баяндауға әзір.

Алғашқыда қазақтың салт дәстүрімен келіннің бетін ашты, кейін зәулім сарайда дүбірлі тойын жасады. Бірақ екі жастың отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмаған. Бүгінде Жеңіс «ене» мәртебесінен айырылғанын айтады. Өйткені, жанұялық өмірді жатсынған келіншек, соңында төркінін таңдапты.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Мен келін алдым деп, тізгінімді бердім. Шақырылған жұмыспен астанаға кеттім. Бірақ тізгінді де, шаңырақты да алып жүре алмады. Ол қыз болғысы келді. Сосын қыз болсаң үйіне барып... Мен астанадан келгенше, қайтадан үйіне барып қыз болды. Әңгіменің шыны сол!

2017-ші жылдың жазында қолы ұзарған Ысқақова, бір айдан соң жұмыс бабымен бас қалаға қоныс аударған. Осы уақыт аралығында жұлдызды ене мен жас келіннің арасында ешқандай жанжал да туындамапты. Бірақ, қалалық қыз Каринаның еркелігі басымдау болған секілді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Келіп алып, қыз болғысы келетін келіндер бар. Ол түсіну керек, сен келдің бе – сен келінсің! Менің айтатыным: «Сен күйеуіңнің, балаңның, жалпы шаңырақтың құлысың» - деп. Сен күйеуіңнің жағдайын жасауың керек. Тамағының тоқтығы былай тұрсын, оның көңіл-күйі, балаңның, жалпы шаңырақтың көңіл-күйі әйелдің қолында.

Бастапқыда барлық мән-жайды анықтауға бекінгенімен, ұлы мен келіні екі жаққа кетудің себебін ашып айтпаған. Сондықтан, Жеңістің жауабы – тек жорамал!

Жеңіс Ысқақова, әнші:

-Енді мүмкін түсініспеушілік пе, біздің балаларымыз асықты ма? Махаббаты алдамшы болды ма, білмеймін. Менің бір түсінбейтінім сүйген адам отқа да түседі, суға да түседі. Сол сүйгеніңнің қасында болу үшін, тіпті айдаһардай ене отырса да, соған көну керек!

Жеңістің жанұясындағы жайсыз жағдайды Шахизада да басынан өткеріп үлгерді. Әнші жыл басында ұлы Олжас пен келінінің ажырасқанын айтқан еді.

Шахизада, әнші:

-Бірінші кездегі қателікті қазір енді жасамаймын. Қазір келінді, келіндей жұмсайын деп отырмын. Келін өзінің келін екенін білу керек. Енесі бар екенін білу керек.

Айтпақшы, таяуда Шахизаданың баласы Олжас ізін суытпай, екінші мәрте шаңырақ көтерген.