Арман мен Ашаның отбасылық одағына Жазира Байырбекова неге алаңдаулы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Арман мен Ашаның ажырасқаны жайлы жаңалықтың жалған екені анықталғанымен, олардың хайпы әріптестерін біраз әбігерге салған сыңайлы. Жұлдызды жұптың жанұясына, әсіресе Жазира Байырбекова қатты алаңдаулы. Өйткені, кезінде Матайды ұясынан ұзатқан өзі еді.

Осыдан 3 жарым жыл бұрын жаңа өмірге қадам басқан Ашаны, өз қолымен ұзатып, ұясынан ұшырған Жазираның алаңдауы орынды. Өйткені, таяуда ерлі-зайыптылардың ажырасқаны туралы әңгіме ғаламторда тез тарап, кейін аталған ақпараттың қауесет екені анықталған-ды.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Ашаны мен ұзаттым ғой. Екеуі ажырасса менің атыма сын келеді ғой. Мен айттым Ашаға: «Аша, сен де жақсы адамсың, Арман да жақсы адам. Бірақ екеулеріңнің бір тіл табыса алмай жатқандарыңды қарашы» , - дедім.

Арман & Аша:

-Жазира ханыммен бірде көрісіп қалған кезде, «Ойбу, бұл сондай бір жарнамаларың болған ба? Мен шошып кеттім. Хабарласайын ба деп уайымдап жүрсем. Хабарлассам тағы да қабаттасып кетемін бе деп ойладым. Не деп айтамын? Маған ренжитін болар», - деп кәдімгідей саған уайымдап жүрмін ғой дейді де!

Әуелде жұлдызды жұптың жанұясындағы жағымсыз жаңалықты желідегілер шынайы қабылдаған еді. Сәл уақыттан соң Арманның досы Дильен көпшілік көкейіндегі сенімге күдік ұялатты.

Арман & Аша:

-Ол өзіне хайп жасап жүр ғой. Ол біздің хайптың үстіне өзінің хайпын іліп, бізбен кеткісі келіп жүр ғой. Мен өзім қатты күлдім. Сосын сен досым қуады екенсің дедім.

Қазнетте қызу талқыға түскен танымал жұптың бұл әрекеті, жаңа бейнебаянды дәріптеу мақсатында ұйымдастырған пиар қадам еді. Ал, отбасылық өмірді хайпқа қиған Арман мен Ашаның бұл қылығын, халық айыпқа балады