«Variety» журналы Қарақат сияқты қайырымдылық жасайтын жұлдыздарды марапаттады. Әйгілі басылым Нью-Йоркте «жүрегі мейірімді» өнер иелерінің басын қосып, ерек кеш өткізді. Айтулы шарада бас жұлдыз – Джиджи Хадид болды.
«Variety» журналы жыл сайын қайырымдылығымен көзге түскен нәзік жандыларды бір шаңырақ астында жинауды әдетке айналдырған. Мақсаты – өзінің танымалдылығын игі шарада қолданып жүрген өнер иелерін марапаттау.
Дәстүрге айналған кештің биылғы қызыл кілемінде төбе көрсету, Джиджи Хадидке де бұйырды. Сәнқойдың соңғы кездері қоғамдағы мәселелерге жіті араласып жүрген жайы бар. Мысалы, ол өткен жылы ЮНИСЕФ балаларды қорғау ұйымының мүшесі атанып, босқындарға көмектесу үшін Бангладешке арнайы аттанған еді.
Джиджиден өзге, мінберге шығып, көптің назарын түрлі тақырыптарға аудартқысы келгендер көп болды. Айтулы жүлдені еншілегендердің арасынан «Грэмми» жеңімпазы Кейси Масгрейвс те табылды.
Кейси Масгрейвс, кантри-әнші:
-Алғаш рет жүлде алатынымды естігенімде, қатты таңқалдым. Егер, 16 жасымда көрсеткен көмегім үшін осындай марапатқа ие боласың десе, еш сенбес едім.
Осылайша, шараға жиналған жұлдыздар қайырымды істерімізді одан әрі жалғастырамыз деген уәдемен тарқасты.