Ғаламторда ұзақ отыру Найнти уандық мемберлерге кері әсерін тигізгені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық жұлдыздар ғаламаторға деген тәуелділіктен арыла алмай жүр! Тіпті, желіде ұзақ уақыт отыру Найнти уандықтарға кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді. Сондықтан мемберлер, жанкүйерлерін интернеттен қашық болуға шақыруда!

Найнти уандық мемберлер ғаламтордың тұрақты тұтынушылары екенін жасырмайды. Алайда, кезекті сұхбат барысында ойларын дұрыс жеткізе алмай қалған жігіттер, бұл олқылықты интернеттің кері әсері деп түсіндірді.

«Ninety one» тобы:

-Интернет адамды осындай қылып тастайды адамды ойлаңызшы! Негізінде, біз бір-бірімізбен осылай жиі бетпе-бет сөйлесіп отырсақ, сөздеріміз бәрі жинақы болып, ауызша сөйлеу құрауымыз кішкене дұрыс болатын ба еді. Сол үшін өзара сөйлесейік, интернет жоқ кезде әлем тоқтап қалды деген сөз емес.

Ғаламторсыз ғаламдағы тіршілік тоқтап қалмайды деген пікірмен Асылхан Төлепов те толықтай келіседі. Кезінде желінің құрсауына түскен актер, аталмыш сөздердің растығына өзі толықтай көз жеткізген.

Асылхан Төлепов, актер:

-Жазда инстаграмымды бұзып тастаған. Негізі көп уақыттың бәрін алатын сол инстаграм сияқты. Сол кезде бұзып тастағанда 1,5 айдай жүрдім. 3-4 күндей жүрдім интернетке кірмей-ақ. Оған да үйренуге болатын сияқты.

Түрлі хайп арқылы, желіні жармағандықтан, Дильназ Ахмадиеваны көпшілік заманнан арта қалған деп сөгеді екен. Ғаламторға жаны жақын емес жұлдыз, жаңашыл болуғы тырыспайды да.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

-Бұрынғы заманда ғаламтор жоқ, есесіне әр шаңырақта бала көп болатын. Ал, қазір бала емес, коментаторлар көбейген заман болды. Ең өкініштісі осы. Адамдар өз уақытын желіге емес, жанұясына жұмсаса жақсы болар еді.

Жұлдыздардың бұл үндеуі жанкүйерлеріне міндетті түрде жетеді деген үміттеміз!