Театрға көрермен тарту үшін, қандай қадамдар жасалу қажет?

Сообщить о проблеме с эфиром

Азамат басқаратын ұжым тың тәсілді қолданғанымен, театр көрермендерін арттыру жолында бір ғана әдіс жеткіліксіз дейді, өзге актерлар. Саф өнерге ынтызар жандардың санын арттыру үшін, қайтпек керек?

Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Бірақ, рухани байлыққа кенелуге келгенде сараңдық танытатынымыз бар. Бұл тақырып актерларды да жиі толдырғандырып жүр. Ал, көрерменнің қызығушылығын арттыру жолында, қандай әдістерді қолданған жөн?

Мағжан Тұрыс, актер:

-Мысалы, шыны керек қазір компьютер мен ұялы телефонның заманы ғой. Меніңше көбінесе инстаграм парақшасы бар, фейсбук бар. Соларға жарнама жасаған дұрыс сияқты...Жастарға, қазіргі қоғамға рухани бай болу үшін, театрға келу керек деп ойлаймын. Сондықтан жарнаманы дұрыстап жасау керек.

Әлеуметтік желі арқылы насихаттау, бүгінгі заманның озық үлгісі делік. Театр залын лық толтырудың тағы қандай тәсілдері бар? Аталмыш салада тер төккен танымалдардың ұсыныстары сан түрлі.

Аян Өтепберген, актер:

-Театрда кішкене заманауи қойылымдармен, шоудың элементтері бар спектакльдер керек сияқты деп ойлаймын жастарды тарту үшін. Сондықтан өзімізден бастау керек. Жайлап дамытып дегендей... Ресейдегідей «Театр жылы» деп берсе бізге Қазақстанға, меніңше сол ең үлкен үлес болатын сияқты.

Бұл идея да көңілге қонымды. Телефонға телмірген бүгінгі қоғамды ояту үшін, қайтпек керек? Актерлардың айтуынша, ауқымды аудитория жинаудың басты құралы – жарнама және жаңалық!

Шынар Асқарова, актриса:

-Жаңалық керек. кез-келген өнер саласында жаңалықты талап етеді. Заманға сай. Мысалы қазір жастар өсіп жатыр. Ештеңемен ештеңені таңғалдыру мүмкін емес. Жаңадан қойылған қойылымда менің қатысым болмаса да, мен соны қолымнан келгенше жарнамалауға тырысамын.

Театрда талқыға салар түйткілді мәселелер көп-ақ! Шешілер сәттің қыр астында екеніне сенейік!