Нұрлан Қоянбаев кезінде «Бизнес по-казахски» картинасымен рекорд орнатқан еді. Отандық прокаттан 500 млн.теңге жинаған комедияның енді 4-ші бөлімі жарық көрмек. Кинопродюсердің айтуынша ол голливуд жұлдызының қатысуымен таспаланады.
«Бизнес по-казахски» фильмінің үш бірдей бөлімін ұсынған Нұрлан Қоянбаев, жалғасын түсіруге ниетті. Төртінші туынды, кино сүйер қауымның сұранысы деген продюсер, комедияның сюжетін жаңа хикаямен өрбітпек.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
-Төртінші әрине тек қана мемлекет болмайды. Ол жерде біз құпия деп жүрміз, бірақ енді жәймендеп айтуға болатын шығар. Біз голивудтың А классы дейді ғой жаңағы топ жұлдызбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Көрермендерге ұнасын деп.
Қызыққа толы комедияның басты кейіпкері болатын голливуд жұлдызы әзірге белгісіз. Ал лента, дәстүрге айналғандай өзге елде таспаланады. Оған Еуропа, Индия және Корея мемлекеттерінің бірі таңдалмақ.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
-Киноиндустрияда әзірге жеңімпаз деп айтуға болады. Қазір деген көп әріптестеріміз енді бір-бірінен сұрайды ғой бірінші орында қай кино деп сонда по-казахски дейді. Оның өзі маған жеңіс.
Киногердің кезекті картинасы «Love is» атты романтикалық комедия болмақ. Лос-Анджелес қаласында да таспаланған лентада продюсер, басты ролде жас актерларды көргісі келген екен.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
-Бұл кинода мен өзім продюсер ғана боламын деп шешкем басында, өйткені рөл маған сәйкес келмеді. 2 актерға ұсыныс жасадық бірақ ол кісілер жобалары болды ақпан айында. Олар біздің киномызға түсе алмайтын болғандықтын, барлығымыз шешіп өзім ойнайтын болдым.
Тың туындыны қолға алмас бұрын Қоянбаев, Кореяға сапар шеккен еді. Бірер күн бұрын елге оралған кинопродюсер, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға барыпты.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
-Кореяда киноиндустрия өте жақсы дамыған деп айта аламыз. Өйткені телехикаялар түсіре алады, тек қана өздері ғана емес бүкіл әлем көріп жатыр. Сол қалай түсіреді екен, музыкамен қалай айналысады жалпы әртістермен қалай жұмыс істейді. Сценариймен қалай жұмыс істейді деп тәжірибе алмасуға бардық.
Нұрлан Қоянбаевтың жаңа комедиясы күз айларында үлкен экрандарға жол тартады.