«Кек алушылар: Соңы» фантастикасы тарихтағы ең табысты туынды атануы мүмкін! Картинаның билеттері алдын-ала сатылымға түсіп, кинотеатрда мүлде орын қалмай қалған. Мұндай дүрлікпеден соң, лентаның сайты жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
«Кек алушылардың» соңғы бөлімі бұрынғы рекордын жаңартуда! Лентаның кинотеатрдағы көрсетіліміне билеттер алғашқы сағатында-ақ, өз иесін тапқан. Ал, ғаламатордағы алып-сатарлар көптен күткен премьераны алғашқы болып тамашалау мүмкіндігін 500 АҚШ долларына ұсынып отыр.
Марвел жанкүйерлерінің киноға деген қызығушылығын фантастиканың жаңа трейлері еселей түскені сөзсіз. Жарық көрген жаңа туындыда нағыз жұлдыздар жетерлік. Скарлетт Йоханссон, Крис Хемсворт, Крис Эванс, Джош Бролин, Роберт Дауни — кіші, Гвинет Пэлтроу, Марк Руффало – кіл мықты киногерлердің бір бөлігі ғана.
Ал, Марвелдың «бестселлерына» айналған лентаның ақырғы бөлімінде Тони Старк пен Стив Роджерс күш біріктіреді. Кейіннен қос қаһарман кек алушылармен бірлесе, Таноспен ашық айқасқа түспек.
Көптен күткен фантастика сәуірдің 29-ы күні көрерменге жол тартпақ! Еске салсақ, «Кек алушылардың» осыған дейінгі бөлімі 2,04 миллиард қаржы жинап, 2018 жылдың ең табысты туындысы атанған еді.