Бредли Купердің жаңа өнері

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыкаға жаңадан қадам басқан Брэдли Купер болса, әншіліктің арқасында қалтасын қалыңдатып жүр. «Жұлдыз дүниеге келді» картинасына дейін актердің қаламақысы небәрі 20 млн долларды құрайтын. Бүгінде, Брэдлиге деген сұраныс бірнеше есеге артқан.

«Жұлдыз дүниеге келді» картинасы арқылы, Брэдли Купер тағы бір қырынан танылды. 44 жастағы актер аталмыш туындыда режиссер, продюсер, әрі сценарий авторлығын қолға алған. Сахнада алғаш рет ән айтқан киногердің таланты көпшілікті таңқалдырған еді.

Брэдли басшылық еткен мелодрама, кинопрокаттан басы-қасы 400 млн АҚШ долларын жинаған. Бұл сомманың басым бөлігі Купердің қоржынына кеткен. Өз образын мінсіз сомдап шыққан серіге, фильмнен кейін Леди Гаганың өзі ғашық болып қалды деген қауесет те тарады. Тіпті, дәл осы жағдай Куперге деген қызығушылықты арттырған.

50-ден аса түрлі картиналарда бой көрсеткен Брэдли, «Оскар» марапатының 7 бірдей номинациясына үміткер. «Үздік актер» жүлдесінен дәмелі болған өнер иесі бірнеше жыл бұрын 20 млн доллар қаламақыны қанағат тұтатын. Алайда, продюсерлікті қолға алған актердың сұранысы бүгін де еселене түсті. Купердің дүние мүлкі, 100 млн долларға бағаналып отыр.