Тәуекел Мүслімді бейнебаянына түсірген Yella қатаң сынның астында қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қырғызстандық әнші Yella болса, Тәуекел Мүслім арқылы тыңдарманын таппақ еді. «Убить дебила» деп, отандық актерді бейнебаянына түсіру үшін, өнерпаз қалтасын да біраз жұқартқан. Алайда, арудың бұл еңбегі зая кеткендей...

«Yella» - қырғыз елінің орындаушысы. Әнші өнер саласында көптен бері жүрсе де, өткен жылы «ТНТ music» байқауының жеңімпазы атанғаннан кейін ғана, шығармашылығына шыңдап кірісуді ұйғарады. Нәтижесінде, тырнақалды туындысын Тәуекел Мүслімнің қатысуымен таспалап, екі елде де танылуды көздейді.

Yella, әнші:

-Тәуекел өте еңбекқор, қарапайым, өз жұмысын біледі. Бізге оның сол қасиеттері ұнады. Одан бөлек, ол Қырғызстанда да өте танымал. Тіпті, атақты десем де артық болмас. Сондықтан, Тәуекелді таңдадық.

Алайда, айыр қалпақты ағайын бейнебаянға оң қабақпен қарағанымен, қазақстандық тыңдарман туындыны аса жақтырма қоймады.

«Койш осы Тауекелден жалыктык, Казакстанда содан баска жигит жоктай»

«Тәуекелсіз осы бейнебаян түсіре алмайды-ау, қашан көрсең, жыртыңдап осы шыға береді екен»

Yella, әнші:

-Байқағаным, ютубта менің бейнебаяныма қойылған лайк пен дизлайк саны бірдей. Ерек ән ұсынбас бұрын хейтерлерге әзір болдым. Меніңше, еңбегім елеусіз қалғаннан гөрі, қандай да бір пікір болғаны жақсы.

Осылайша үміті ақталмаса да, Yella қалтасын жұқартып, Мүслімді бейнебаянына түсіргеніне өкінбейді. Отандық актер арқылы, еліміздің тыңдарманына біртабан жақын болуға талпынған ол, енді Қазақстан мен Ресейде өз есімін қалыптастыруға ниетті.