«Қоғамдық кітапхана» картинасының премьерасы өтті

Сообщить о проблеме с эфиром

Нью-Йоркта тұсукесер! Алек Болдуиннің қатысуымен таспаланған «Қоғамдық кітапхана» картинасының премьерасы өтті. Ал, аталмыш лентаны неліктен тамашалауымыз тиіс? Жауабын тілшіміз біліп көрді.

Көптен күткен картинаның тұсаукесеріне киногерлер қауымы түгелдей жиналды. Олардың арасында майталман актёрлар Алек Болдуин, Габриэл Юнион мен Тейлор Шиллинг те бар.

Жұлдызды басқосуға себепкер атанған лента, АҚШ-тағы кітапханалардың бірінде болған оқиғаны баяндайды. Сюжет желісі бойынша, Цинциннати оқырмандар үйінің қызметкерлері күн суытқанда, үйсіз-күйсіз жандарға мекемеде тұруға рұқсат береді. Нәтижесінде, кітапханашылар мен панасыздардың хикаясы ерек оқиғаға ұласады.

Алек Болдуин, актер:

-Маған осы рөлді ұсынған бойда, бірден келістім. Себебі, ондағы оқиға маңызды тақырыптарды қозғайды. Біз сол мәселелерді көпшілікке жеткізе білдік деп ойлаймын.

Картинаның режиссерлық тізгіні Эмилио Эстевеске бұйырған еді. 80-жылдардың мықты киногерінің бірі саналатын ол, аталмыш тақырыпты бекер таңдап алмаған. Лентаның таспалануына – оның газетте оқыған оқиғасы негіз болған.

Эмилио Эстевес, режиссер:

-Панасыз қалғандар немесе психикалық дертке шалдыққандар туралы кино – ауыр болуы міндетті емес. Өткір мәселерді халыққа қарпайым тілмен жеткізуге де болады. Менің мақсатым осы болды.

АҚШ-тың Огайо штатындағы бұл оқиғаны көрермен қауым көп ұзамай тамашалай алады. Лента сәуірдің 5-нен бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!