Соңғы кездері әлеуметтік мәселерді қозғап жүрген әнші Калия, тыңдарманымды ұмыт қалдырған емеспін дейді. Дәлел ретінде, өнерпаз ару Қазақстанның әр аймағын ән-сапармен араламақ.
Сахнадан көрінбей кеткен Калияның, бүгінде әлеуметтік мәселелерден қолы босамай жүрген сыңайлы. БҰҰ-ның ЮНФПА қорының спикері атанған әнші, әйелдер құқығын қорғауға білек сыбана кірісіп жүр.
Әлеуметтік салада белсенділік танытқан Калияның, өнер жолында жүргеніне де жеті жыл болыпты. Репертуарында 40 шақты әні болса да, алғашқы жеке концертін өткізу, енді ғана бұйырды.
Калия, әнші:
-«Екі ай» альбомым жазда дүниеге келген сол альбомды қолдау үшін, бүгінгі концерт өтіп жатыр. Бұл концерт енді мен үшін, ең алғашқы деп айтуға болады, өйткені оған дейін бір кішкентай кішкентай концерттер болған бірақ осындай үлкен, үлкен дайындықпен бірінші рет.
Калияның дәл осы «Екі ай» үнтаспасының құрметіне арналған кеші, этно-поп жанрында, жанды дауыста өтті. Мәскеу мен Киев қаласында өңделген әнжинаққа – 10 трек енген. Көпшіліктің қызығушылығын оятқан альбомның атауының астарында біраз ой жатқан көрінеді.
Калия, әнші:
-Неліктен «екі ай» деп сұрайды. Екі ай махаббатымды күттім бе, аспанда екі ай ма, кім біледі, толық бір айдың толық бір екі бөлшегі бір-бірін тауып, осындай махаббат сезімі деп айтуға да болады, философия.
Туындыларым хитке айналмаса да, тыңдармандарым үшін шығармашылық жолымнан таймаймын дейді Калия. Өнерпаз енді еліміздің әр аймағын ән-сапармен араламақ.
Калия, әнші:
-Өкінішке орай бірақ қиыншылықтар бар, біздің енді өңірлерде табылмайды концертный площадкалар, соны іздестірудеміз. Тағы да енді партнерларды да іздестірудеміз, сонымен барлығы ойдағыдай болса, сәтті болса, өз тыңдармандарыма өз әндерімді жеткізуге ұмтыламын.