Жеке өмірінен шоу жасап танылған Ким Кардашьян төртінші рет ана атанбақ. Суррогат ананың көмегіне тағы бір мәрте жүгінген атышулы сәнбике, болашақ сәбиінің жақында дүниеге келетінін айтып, таңқалдырды.
Ким өзі босана алмаса да, көпбалалы ана атану үшін өзге жанның көмегіне жүгінуден қорықпайды. Сәнбике төртінші сәбиінің өмірге келетінін, «Кардашьян әулеті» шоуында жария еткен еді. Канье Уэсттің жұбайы бүгінде қызу дайындыққа кірісіп кетіпті. Себебі күтіп отырған болашақ атұстары мамыр айында дүниеге келмек.
Меган Марклдың болашақ бөбегін Патша әулетімен қоса, Ұлыбритания жұрты тағатсыздана тосып жүр. Ханшайым атанған экс-актрисаның жүктілігіне тоғыз ай болып қалған көрінеді. Жуырда босануы тиіс Меган, бүгінде лауазымды қызметін тоқтатып қойған.
«Victoria's Secret»-тің періштесі болған Миранда Керр үшінші мәрте ана атанбақ. Бұл сәби супермодельдің күйеуі Эван Шпигельдің екінші баласы. Ал Миранданың экс-жары Орландо Блуммен ортақ Флин есімді ұлдары бар. 2017 жылы миллиардерге тұрмысқа шыққан сәнбике кезекті жүктілігін жасырып бақса да, күні кеше өткен «Gruner & Jahr Spa Awards» марапатында көпшілік алдына қысылмай шықты.