Арман мен Аша ажырасты! Таяуда ғана ғаламторды дүрліктерген дәл осы іспеттес қауесетке, интернеттегілер имандай сенген еді. Ал, жұлдызды жұптың жанұясы жайлы жағымсыз жаңалықтың тарауына түрткі болған – Қоңырбаевтың өзі екен. Отбасын ойынға айналдырған отағасының діттегені не?
Арман мен Ашаның әр қадамын жіті қадағалайтын желідегі жұрт, олардың инстаграмда бір-бірін оқымайтынын аңғарған алғашқыда. Көпшіліктің күдігін тудыру идеясын ойластырған осы үйдің отағасы. Мақсаты – халықтың реакциясын байқау. Бір-бірімен өзара бәстескен жұлдызды жұптың жорамалдары да сан түрлі.
Арман & Аша:
-Аша айтады: «Ой, олардың ойы бәрібір жақсы. Бақыт тілейді. Біз үшін уайымдайды», - деді. Мен айттым: «Жоқ, сен олай ойлама. Халық қазір негативті информация жақсы қабылдайды да, жаман комментарий көп болады», - деп екеуміз бәстесіп қалдық.
Бұл бәстесуде Аша ұтылып, Арманның асығы алшысынан түсіпті. Өйткені, көпшілік желіде тараған жағымсыз жаңалықты одан бетер үдетіп жіберген. Ал, олардың отбасылық одағына алаңдағандар да жоқ емес.
Арман & Аша:
-Маған біраз адам жазды. Сондай қызды таппайсың, анау-мынау деп. Кәдімгідей риза боласың комментарийлеріне.Маған да жазды. «Арман деген иманды азамат қой. Ондай жігітті жіберіп алма. Отбасында әр түрлі жағдайлар болады. Кешіре сал. Сен әйелсің ғой» - деп кәдімгідей Арманға күнә тағып тастады. -Мен бір нәрсе бүлдіріп қойды деп ойлаған ғой. Иә, бәрі ойлапты Арман бір нәрсе бүлдірген-ау деген сияқты.
Ақиқатында Арманның сезімін кір шалмаған, Ашаның да жарына деген сеніміне сызат түскен жоқ. Бар болғаны, хайпқа деген құмарлығы оянған. Өйткені, кезекті су жаңа клипті жарнамалау үшін, халықтың назарын аудару керек. Ал, тың туындының сюжеті «кездесу мен қоштасу» тақырыбы турасында...
Арман & Аша:
-Ол мені үйіне кіргізбейді. Екеуміз ұрсысып қалғанбыз ғой. Мені көргісі келмейді. Мен есік ашпады ғой деп кетіп қаламын. Ол ойланады. Біздің бақытты сәттерді, бақытсыз сәттерді еске алады. Ол сезімнің бар екенін сезеді.
Бұл бейнебаянда Арман мен Ашаның да халыққа беймәлім өмірі көрсетілген. Бірақ ерлі-зайыптартылардың өкпесі шай орамал кепкенше.
Арман & Аша:
-Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды отбасында. Иә, ол да болып тұрады әрине. Негізінде бізді көбісі солай ойлайды ғой... Бізде өмірде қателесеміз. Қайтадан достасамыз деген сияқты. Бізде жай ғана адамбыз. Әрине, интернетте барлығы идеалды түрде көрінеді. Бізде де қателіктер болып тұрады. Иә, сахнаға шығардың алдында ренжісіп қалатын, сөйлеспей қалатын кездеріміз болады.
Жұлдызды жұптың жұрт даурыққан жаңалықтан соң түйгені – бұдан былай хайп қадамды қолданбайтын болыпты.