Том Круз ұлын үйлендірмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Том Круз баласының үйлену тойының дайындығына кірісті. Актер, экс-жұбайы Николь Кидманмен ортақ ұлы – Коннордың шаңырақ көтеру салтанатын дүркіретіп өткізбек. Алайда Том, атұстарының анасын қонақтар тізімінен алып тастаған. Не себепті?

Отбасылық өмірі 11 жылға созылған Том Круз бен Николь Кидман ажырасқан соң, балалары әкесінің қарауында болған еді. Қос жұлдыздың мүлдем араласпай кетуіне Томның ұстанған – «саентология» себеп болса керек. Экс-жұптың асырап алған ұл мен қызы анасының қарсылығына қарамастан, дәл осы діни ағымның жетегінде кеткен. Тіпті Том Круз, Николь Кидман ұлының тойының шырқын бұзуы мүмкін деп отыр.

Лиам Ниссон көпшіліктен кешірім сұрады. Актердің бірер ай бұрын басы дауға қалған еді. 40 жыл бұрын құрбысын зорламақ болған қара нәсілді жігіт жайлы естіген киногер, ашуға булығып, оны өлтіруге дайын екендігін айтқан. Бүгінде Лиам, өз сөздері үшін өкініп жүргенін жеткізді.

Лиам Ниссон, актер:

-Менің қызуқандылықпен айтылған сөздерім, бірәз түсініспеушілік тудырды. Бұлай артық кеттім деп ойламаған едім. Кешірім сұраймын.

«Тақтар ойыны» телехикаясы соңғы маусымын ұсынса да, киносүйер қауыммен қоштаспайды. Әйгілі туындының ақырғы бөлімі жарыққа шыққан соң, 1 аптадан кейін деректі фильм көрерменге жол тартпақ. «Тақтар ойыны: Соңғы барлаушы» лентасы, әйгілі сериалдың түсірілім процессін баяндайды. Ал атышулы жобаға арқау болған оқиғалардың неден бастау алғаны жайлы сериал 2020 жылы «Ұзақ түн» атауымен ұсынылмақ. Басты рөлді - Наоми Уоттстың өзі сомдайды.