Анджелина Джоли әйелдер құқығын қорғауда

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джолидің әріптестері сияқты сауық құрып, думандатуға уақыты жоқ! Әйгілі актриса көмекке зәру жандардың күйін күйттеп әлек. Жанашыр өнер өкілі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кезекті отырысында төбе көрсетті.

Әсем образы, жалынды сөздерімен көзге түскен актриса, саясаткерлерден Ауғаныстандағы әйелдердің жағдайына баса назар аударудын талап етті.

Анджелина Джоли, актриса:

«Ауғаныстанда өз өмірін қатерге тігіп, мыңдаған әйел шеруге шықты. Бар өтініші – өздерінің және балаларының амандығына сенімді болу. Олардың бұл қадамы қуантады. Алайда, осы жағдайға қатысты халықаралық ұйымдардың жақ ашпай отырғаны өкінішті. Бұл мәселені жіті назарда ұстау керек.