Корейлік поп-музыка саласында жаңалықтар жетерлік! Мәселен, ЕХО тобының тағы бір мембері жеке шығып, шығармашылығын шыңдамақ!
Әйгілі корейлік бойзбендтің мүшесі – Чен «Beautiful Goodbye» атты туындысымен дебют алды! Тыңдарман назарына тың тректің бейнебаяны да бірге ұсынылған еді.
Сезімге толы әуен - Ченның тырнақалды мини-альбомының алғашқы әні. Еске салсақ, жуырда өнерпаздың «April, and a flower» атты жинағы жарық көрмек.
Мембер бұған дейін жеке туындыларын, түрлі саундтректерді жарыққа шығарып жүрсе де, бұл жұмыс – Ченның ресми дебюты.
Бұл хабарды естіген жанкүйерлер әншіні қолдауда. ЕХО-L Twitter желесінде «Ченмен кездестетін уақыт» атты хештег арқылы, су жаңа туындыға қатысты өз пікірлерін білдіруде.