Есболат Беделханнан бөлек кеткен атышулы топ, қайта құрылмақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылы Есболат Беделханның қоқан-лоққысына шыдамаған «Блэк дайл» ұжымы, тарап тынған-ды. Продюсермен жанжалдасқан жігіттер, енді қайта құрылуы мүмкін. Ел күтпеген мәлімдеме жасап, аталмыш топтың фанаттарына хабарлама жолдаған – атышулы EQ-дегі екеу!

Кью-поп ұжымын құрып, қара домалақтар қанатын кеңге жайған шақта, бойзбендтің басшысы кіші Беделхан «Блэк дайлды» таратып жіберген еді. Дәл қазір аталмыш топтағы қос рэпер «Экью» жобасында жұмыс жасап жүр. Ал, әріптестері үнсіздікте. Олардың болашағына алаңдаған Ескелді мен Самат, шығармашылық жолда жәрдемдесу мақсатында, бестіктің кенжесін кездесуге шақырады.

EQ тобы:

-Бәрі жақсы, қарым-қатынасымыз дұрыс. Себебі біз жауапкершілік алғаннан кейін, тастап кете алмаймыз ғой. Біз бірге бастадық. Жарты жолдан тастап кету сияқты болатын шығар. Сондықтан да кішкентай болғанан кейін, оны шақырып сөйлескен болатынбыз.

Сондай-ақ, «Блэк дайлдағы» өзге өнерпаздармен де бір ұжымда жұмыс істеу туралы ойымен бөліскен. Болашақта бұл бестік қайта қосылса, таң қалмаңыз! Бірақ «Экью» тобының атауы өзгеріссіз қалатыны анық!

EQ тобы:

-Бәлкім, болуы да мүмкін барлығы да. Ал егер біз бесеу болатын болсақ, «Бесю» болады дейді. Бірақ біз дұрыс қараймыз. Көзқарасымыз дұрыс. Ешкімге жаманшылық тілемейміз. Егер қосыламын десе, біз қабылдап, қарауымызға болады.

Бірақ жігіттер Есболаттан жырақта жүргенді қалайды. Экс-продюсерімен байланысын үзген кью-поперлердің, кіші Беделханға деген өкпе-реніші әлі басылмаған секілді.

EQ тобы:

-Біз жалпы ол адамды бақылап жүрген жоқпыз. Немесе тағысын тағы ойларымызбен бөлісіп, кездесіп те жүрген жоқпыз. Белгілі бір жерлерде көріп қаламыз да, «ммм» деп өтіп кетеміз. Сәлеміміз түзу былайша айтқанда!

Әзірге «Экьюдегі» екеудің келешекке құрған жоспарлары жетерлік. Ескелді мен Самат жуырда ресейлік блогермен шығармашылық тандем орнатуды көздеп отыр. Жігіттер сәуір айының төрті күні Мәскеу шаһарына қарай ұшады!