Балалар байқауына төрелік еткен Әли Оқаповқа, ата-аналар неге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оқапов соңғы кездері сынға жиі ілігіп жүр. Таяуда әлем таныған Димаштан хит күтетінін хабарлаған Әли, дирстарды дүрліктірген еді. Бұл жолы Роза Рымбаеваның ұлы, ата-аналардан сөз естіді. «Бала дауысы» байқауының іріктеу кезеңінде болған оқиға, әншіні әбігерге салғандай...

«Бала дауысы-2019» байқауының алғашқы іріктеуі Алматыда басталды. Алатау баурайындағы жас таланттарды таңдау жұмысы Оқаповқа жүктеліпті. Үміткер көп, үздіктер санаулы. Бірақ, бағы мен бабы сәйкес таппағандарды сайыстан шеттетсе, ата-ананың өкпесі тағы бар.

Әли Оқапов, әнші:

-Залда толы ата-аналар отыр. Балалары үшін қатты уайымдайды. Тіпті біз оның баласын таңдамасақ, бізге қатты ренжиді. Тіпті сол отырған жеріме де залдан айғайлап, ренжіп, басқа бір нәрселерді де болды. Оның бәрін басымыздан өткіздік.

Жас өнерпаздарға төрелік еткен Әли, қазыларды да, сайыстан сүрінген қатысушыларды да қаралаудың қажеті жоқ дейді.

Әли Оқапов, әнші:

-Баласы өтпей қалса оған ұрсып, ренжіп немесе тағы басқа нәрселерді жасаудың қажеті жоқ. Өтпей қалды ма, жарайды кеттік саябаққа барайық, киноға барайық деп баланың көңілін түсірмеуге керек. Өйткені, ол – жай ғана сайыс. Өмір жалғасуда!

Байқау ұйымдастырушыларының биылғы ұстанымы былтырғыдан өзгерек. Өткен жылы жас өрендер онлайн-іріктеу арқылы таңдалса, бұл жолы жұлдызды тәлімгерлер еліміздің әр аймағына аттанып, әрбір үміткердің талантын жеке танымақшы...

Әсет Арыстанбек, «Бала дауысы-2019» байқауының жүргізушісі:

-Соған не жетсін? Балақайлардың дарынды, талантты екендерін көзбен көріп, естіп, солай таңдаған дұрыс деген шешімге келдік. Сондықтан, міне!

Бұл «Бала дауысының» 2017-дегі жеңімпазы. Осыдан екі жыл бұрын гран-приді еншілеген Назерке, биыл кастингке келгенгерге кеңесін аяп жатқан жоқ!

Назерке Шамбилова, «Бала дауысы-2017» байқауының жеңімпазы:

-Сахнадан қорықпай, өзіңді көрсетіп және де өлеңінің сөзін ұмытпай, жатқа білсе сол жеткілікті деп ойлаймын!

Аймақтағы іріктеуден сүрінбей өткен 17 жас өнерпаз, күз мезгілінде гранд-финалда сайысқа түседі. Бас жүлдеге ие болған жеңімпазға – Диснейлендке жолдама ұсынылмақ.