Алуа Қонарова, көмек сұраған жас таланттарға көмектесуге әзір!«Өнерімнің өрлеуіне көмектесіңізші!». Дәл осындай хабарлармалар, Алуа Қонароваға күні-түні тыныштық бермеуде. Алайда, ол жәрдем сұраушыларға ашулануға асықпайды. Себебі, продюсер толассыз өтініштер арасынан жаңа жобасын іздеп жүрген көрінеді.
Өнер жолына «алтын көпір» болуды сұраған жандардан Алуа Қонарова бас тартқан емес. Керісінше, азулы продюсер «бұлақ көрсең көзін аш» деген қағидамен, таланттардың жұлдызын жағуға асық.
Алуа Қонарова, продюсер:
-Жеке почтама жазады, дайректке жазады. Меніңше, бұл әр продюсер үшін қалыпты құбылыс. Мұндай жағдайда оң қабақ танытуға тырысамын, жазған адамдарды қарап шығамын. Кім білер, расымен талантты адам жазып жатқан шығар.
Қонарова көптің ішінен сол бір «дарынды» тапқан да екен. Бүгінде ол Алуамен бірге жемісті еңбек етіп жүр.
Алуа Қонарова, продюсер:
-«Рензолық» жігіттердің бірімен, дәл осы дайректегі хабарлама арқылы таныстым. Тіпті ол, атымды қате «Бағым, мені тыңдап көре аласыз ба?» деп жазған. Парақшасына кіріп, ән айтқан видеоларын қарап шықтым. Келесі күні офисыма шақырдым.
Продюсер болмаса да, осы сыңайлы өтініштер әншілер қауымына да толассыз түсуде. Соның бірі – Нұржан Керменбаев шығармашылық жолда, өзгеге көмектесуге үзілді-кесілді қарсы.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-«Әнші едім, мен осындай өнерпаз едім. Маған продюсер боласыз ба» - деген сияқты, сондай да ұсыныстар келіп жатады. Мен барлығына менің бір айтар жауабым бар. Менен бір жақсы продюсер шығады деп айта алмаймын.
«Оған мысал, Нұрман Арыстан, Шоқан Уалихан сынды сәтсіздеу жобаларым», - дейді әнші.
Продюсердің қол астында жұмыс істеп жүрген Зирузаға да қолқа салатындар көп екен.
Зируза, әнші:
-Сахнаға құлшынып, сахнада өнер көрсетікісі келетін жастар бізде өте көп. Бұл әрине жаман емес, ол кісілер бізге де жазып жатады әрине. Маған болсын, ағайға болсын. Бірақ енді, барлығы өз уақытымен деп ойламын.
Осылайша жас орындаушы, жеке продюсері Ерлан Әлімовпен басқаларға қол ұшын созуға әзірге даяр еместігін білдірді.