Заманауи музыка ұсынып жүрген жаңа буын өкілдері болса, күйзеліске түсетін күйде емес! Дәл сондай жалынды жастардың бірі – Аршат. Жеке кешін өткізген ол, шығармашылық жолыммен отандық өнерге төңеріс әкелемек ниетте.
Q-pop – қазақ тілін дамытуға бағытталған жалғыз құрал емес! Аршат есімді жас музыкант дәл осы сөздерді дәлелдеуге тырысып жүр!
Аршат Хайролла, музыкант:
-Музыканы дамытатын ойым бар. Бірақ қазақ тілінде ғана айтам. Текст қазақ тілінде болады, ол принципиально. Себебі, музыка арқылы – көбіне адамдар өседі де, бала тәрбиеленеді музыка арқылы.
Қазақ тілінің туын көтеруге талпынған өнерпаз – жалғыз емес, тобымен бірге танылып жүрген жайы бар. Бүгінде кішігірім кешін өткізген ұжымның жанкүйерлері де көп көрінеді.
Аршат Хайролла, музыкант:
-Жалпы 2016 жылдан бастап жинала бастадық. 2017-де толық команда жиналды. Бізге бір жыл болды деп айтсақ та болады. Негізі біз «экспериментальный» командамыз. Әр түрлі жанрда эксперимент жасай береміз. Себебі, тек эксперимент арқылы, жаңа дүниелерді ашуға болады.
Музыкадан тыс өнердің өзге салаларында да, Аршат тәжірибе жасауға құмар. Сондықтан өзінің шағын аудиториясы алдында, ол әншілігімен ғана емес өзге қырларымен де белгілі.
-Театрмен айналысамыз. Труппа бар, «316 лаб» деп аталады. Сол жерде актер қызметін атқарамын. Одан бөлек, клип түсіреміз 2017 жылдан бастап.
Жан-жақты болуға бойыма сіңірген білімім жеткілікті дейді жас жігіт.
Аршат Хайролла, музыкант:
- «Муз.драма» факультетінде оқыдым. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының колледжінде. Кейін Мәскеуде «ИТИ» деген жерде, «Институт театральных исскуств» деген жерде «актер-режиссер» мамандығында.
Аршаттың ендігі мақсаты – тобымен бейнебаян таспалап, әнжинағын жарыққа шығару.