Зирузаның шоу-бизнестегі серісі кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдің үнемі көз алдында жүрсең, аузынан да түспейсің! Зирузаның дәл қазіргі жай-күйі осындай. Кью-поп аруы бүгінде махаббат хикаясын бастан кешіп жүрген көрінеді. Бұл фанаттардың болжамы. Отандық шоу-бизнестің бір серісімен қол ұстасқан өнерлі қыз, сүйіктісін шынымен де жолықтырды ма?

Кезекті клипінде Айдын есімді жігітпен көңіл жарастырған Зируза, бұл өзіне бектіліген образы екенін айтады. Осы уақытқа дейін әнші қызды, жанкүйері кіммен жұптастырмады десеңізші. Екі бірдей бейнебаянында бұрымдының ғашығын сомдаған Әсет атты биші жігітті де бұл қызға қосты. Бірақ, алғашқы махаббаты «Найнти уанның» кенжесі Бала, яғни Данияр Құлымшин екенін бойжеткен жоққа шығармайды.

- Алғашқы махаббатымның аты – Данияр!

Бала махаббаттан соң, Зируза кезекті ғашығын жолықтырмаған. Дәл қазір кью-поп ханшайымының, сезім туралы тақырыпты талқылауға уақыты тапшы.

Ziruza, әнші:

-Енді ғана сахнаның ләззатын алып жатырмын. Маған бұл жұмысым жалпы ұнайды. Өзімнің жан-тәніммен сүйіп жасайтын жұмысым. Сол себепті махаббатқа қатты көңіл әзірге аударғым келмейді. Уақытымды бөлгім келмейді. Бәрі уақытымен деп ойлаймын!

Жас қызбен жеті жылдық келісімшартқа отырған продюсері де, Зирузаның жұмысқа деген ынтасына дән риза.

Ерлан Әлімов, продюсер:

-Ешқашан бір телефонды алмай, жоқ болып кететіндей оқиғалары болған жоқ бізде. Жұмыс істеуге әрқашан дайын. Ешқандай әзірге жүріп жүрген жігіті жоқ!

Айтпақшы, кезінде Кәмшатты да көпшілік бірнеше мәрте ту сыртынан ұзатып та жіберген еді.

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

-Бірінші Серік Ибрагимовпен қосып қойды, екінші Кенталмен қосып қойды, үшінші Беркутпен қосып қойды. Төртінші Әділ Ахметовпен қосып қойды, бесінші солай, шек жоқ...

Бірақ Жолдыбаева халықты кінәлаудан аулақ. Өйткені, жұрттың санасын сан-саққа жүгіртетін жұлдыздардың өздері...

Кәмшат Жолдыбаева, әнші:

-Өзіміз де қалжыңдап отырып, Кентал маған сөз салды деп немесе Серік Ибрагимовпен қойып қойған, суреттеріміз болды енді. Былай айтқанда жел болмаса шөптің басы қозғалмайды дейді ғой... Бірақ ол әрине шындық емес, сенбеңіздер...

Дәл қазір әнші бикеш пен қырғыз сазгерінің арасындағы сезімді, ел талқыға салуда. Бірақ бұл тек қазақ қызы мен айыр қалпақты жігіттің шығармашылық тандемі ғана.