Ақеркенің арықтау жайлы құпиясы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Асылдық» Ақерке Бүркітбай болса, сән сахнасына модель ретінде шығуды көздеп жүргендей! Өнер иесі соңғы кездері жаттығу залына баруды жиілеткен. Тіпті, мінсіз мүсінді әншінің, арықтауға асыққан аруларға айтары бар.

Ел алдында жүргендіктен, дене бітімін қалыпта ұстау – Ақкерке үшін басты міндет. Сондықтан, «Асылдық» ару Инвиктус фитнес орталығына баруды әдетке айналдырған.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Дене бітіміме, жалпы денсаулыққа көңіл бөле бастадым деп айтсам болады. Арнайы уақытымды бөліп расписание жасап дегендей.

Денсаулықты қолға алып, салауатты өмірді ұстанып дене бітімді, жақсы формада ұстап.

Ақеркенің мінсіз мүсініне қызығатын арулар көп көрінеді. Өнер иесі дене бітіміне қатысты құпиясымен бөлісе кетті. «Ең бастысы – кемшіліктеріңе қарамастан өзіңді сүйе біл» - дейді ол.

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Дене бітімін қалай бар, солай қабылдап үйрену керек. Сол кезде ғана сен денсаулығына зиянсыз, ешқандай бір травмасыз, ештеңкесіз сыр сымбатыңды жақсы қалыпқа келтіре аласыз. Ол ешқандай аштықсыз, бас айналып құлап жүретін қыздармыз да бар. Диета ол аштық емес, ол дұрыс тамақтану.

Сондықтан әнші диета ұстамас бұрын дәрігермен кеңесуді жөн көрген. Ал, өзімен бірге өнер саласында жүрген әріптестерін, «Асылдық» ару жаттығу залына жиі бас сұғуға шақырады!

Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:

-Әншілердің халықты мотивация, халыққа мотивация береді дегенге келісемін. Сондай нәрсеге әрине сахнада жүрген адамдар үйретеді.