Әсемдік әлемінің астанасы – Миланда сән апталығы өз мәресіне жетті! «Армани, Дольче Габанна, Версаче!» Бұл жолы фэшн-уик айтулы дизайнерлер есімі мен жұлдызды қонақтарға толы болғандай! Алайда, шеберлер танымал тұтынушыларын таңқалдыра алды ма?
Өткен жылы Dolce&Gabbana-ның басынан қара бұлт үйірілмей-ақ қойған еді! Стефано Габбана әуеліде Селена Гомездің сырт келбетіне қатысты «көріксіз» деп шүйлігіп, жанкүйерлердің қаһарына ұшыраған-ды. Кейіннен, сән үйі Шанхайдағы шоуға қытайлықтардың намысына тиетін жарнама таспалап, көптің ашуын туғызған болатын.
Енді міне, теріс қылықтың әсері ме, әйгілі брендтің көрсетіліміне жұлдыздар қауымы мүлде келмеді. Шеберлер танымал тұлғалардың қатысуынсыз, топтамасын таныстырды.
Ал, жаңа үлгілерде сырбаздық пен кішкентай элмементтерге баса назар аударылғандығын байқауға болады. Әр стильді тоғыстыруға талпынған дизайнерлер, халықтың көңілінен шығуға тырысқандай.
Есесіне, «Giorgio Armani-ге» қолдау көрсетуге асыққандар көп! Әлемге әйгілі брендтің су жаңа үлгілерін тамашалау үшін, ең алдыңғы қатарда Наоми Уотс пен Розамундд Пайктың өзі отырды.
Танымалдарды таңқалдырған топтаманың өзі болса ерлер мен әйелдерге бағытталған. Жаңа үлгілерді дүниеге әкелуде дизайнер, тек «қара» және «көк» түстерге жүгінуді жөн санағандай.
«Versace» брендінің көрсетілімінде бомонд меймандарға қарағанда, жұлдызды сәнбикелер саны көп болды! Ирина Шейк, әпкелі-сіңлілі Хадид, Кендалл Дженнер, Кайя Гербер – сән мінберіндегі танымал сұлулардың бір бөлшегі ғана.
Донателла бұл жолы да ағасының ізін жалғағысы келген! Сондықтан, сән үйі мызғымас дәстүрінен ауытқи қоймаған. Ал, Версаче ханымның жаңа үлгілерін, Оливия Палермо, Идрис Эльба мен Лиам Пейннің өзі тамашалауға келген еді.