Әншілер сынды, актерлар қауымы да танымалдықтан тасада қалмақ емес! Мәселен, «Тақтар ойыны» телехикаясының жұлдызы – Софи Тёрнер сән саласында көзге түсті. Әлемдік бренд Louis Vuitton өнерпазды жарнамалық видеосының бас кейіпкері ретінде көрсеткен.
Аталмыш бейнеролик француздық сағат маркасының пиар-кампаниясы. Видеотуындыда Софимен бірге, Дженнифер Энистонның экс-күйеуі Джастин Теру де бой көрсеткен. Әйгілі сән үйінің өнімін жарнамалауға кіріскен жұлдыздар, сондай-ақ бренд-амбассадор ретінде таңдалып алынған еді.