«Destiny’s Child» тобының түлектері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде «Destiny’s Child» тобының арқасында әйгілі болған Келли Роуленд те бүгінде жеке әнші. Америкалық өнерпаз тыңдармандарына су жаңа «Crown» атты туындысын ұсынды. Бейонсе, Мише́ль Уи́льямспен бір ұжымда ән шырқаған арудың, бүгінде танымалдығы қай деңгейде?

Әуелі Келли Роуленд - «Destiny’s Child» тобының негізін қалаушылардың бірі ретінде танылған. 1990 мен 2005-ші жылдар аралығында өнер көрсеткен бұл ұжым, бүгінде «World Music Awards» пайымымен «тарихта қалған ең табысты гелзбендтердің» тізіміне кіреді.

Келли топта жүрген сәтінде-ақ, жеке үнтаспасын шығарып өз есімін қалыптастыра бастаған. Роулендтің маңдай алды «Simply Deep» атты альбомы АҚШ-тың музыкалық чарттарында бірден көш бастап, әншіге шабыт сыйлай түсті. Өнерпаз күні бүгінге дейін шығармашылығын тоқтатқан емес. 37 жастағы R&B орындаушы таяуда тыңдармандарын тағы бір тың туындысымен қуантты.

«DC» тобының өзге мүшесі – Мишель Уильямс әншілікпен қатар, театр және кино актрисасы ретінде де танымал. Ол өз заманында госпел жанрының үздігі болды.

«Destiny’s Child» тобынан түлеп ұшқан Бейонсенің де, бүгінде бағы жанып әлем мойындаған әншілердің көшінде жүр. «Грэмми» марапатының 20 дүркін жеңімпазы атанған бикеш, «Forbes» журналының сараптамасымен 2018 жылдың ең табысты жұлдыздарының тізіміне де енген. Джей Зидің жұбайы, 12 айдың ішінде қоржынын 60 млн долларға толтырыпты.