«Брат или Брак» картинасының табысты шығуына бас кейіпкер – Айдардың да тигізген септігі мол! Туындыда Құралайдың сүйіктісін ойнаған Дәурен Серғазин, актерлық шеберлігімен көпті тәнті еткендей. Алайда, кинода өзін суда жүзген балықтай сезінетін өнерпаз, өмірде қандай?
Бұл жігіт «Брат или Брак» картинасында түрлі сергелдеңге түскен күйеубала ретінде көрерменге белгілі. Шынайы өмірде Дәурен Серғазин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Актерды фильмдерден қарағанда, театр сахнасынан жиі көре аласыз. Сондықтан болар, өнерпазды киносүйерқауым тани бермейді.
Дәурен Серғазинов, актер:
– Мен - «Астана қаласының жастар тетрының» актерымын. Соның негізін қалаушылардың бірімін. Он жыл бұрын ашқанбыз сол театрды. Жұмыс істеймін, актер қызметінде. Кейде режиссер қызметінде спектакль қоямын. Көбінесе уақытым, күндерім сол сүйікті жұмысым театрымда өтеді.
«Брат или брак» лентасына Серғазин таныстықпен тап келген. Нақтырақ айтсақ, Құралайдың арнайы шақыртуымен, Дәурен негізгі рөлді иемденген көрінеді.
Дәурен Серғазинов, актер:
– Құралаймен бұрыннан таныспыз. Мың бала киносында бірге ойнаған болатынбыз. Осы 2-3 жыл бұрын бірінші түсірілген кезде, продюсер звондап, Құралай осындай ұсыныс бар деп, режиссер звондады. Келіп кездесіп, сценарийді оқып көрдім.
Анарбекова ұсынған кейіпкер көңіліне қонған соң, Серғазин бұл рөлден бас тартпаған. Дәурен – танымалдық үшін кез-келген образға келісе салатын актер еместігін айтады. Ол өзін нағыз шығармашылық адамы санайды.
Дәурен Серғазинов, актер:
– Мен бірінші сценарийге қараймын. Сценарий маған таңсық дүние болса, бұрын сомдалмаған рөлдер болса, қызықты болса көрерменге берері айтары жақсы болса, онда келісемін.
Серғазиннің кинодағы актерлық шеберлігіне, жанкүйерлері тағы қашан тәнті болары әзірге белгісіз. Алайда, режиссер ретінде жуырда кино түсіріп қалуым әбден мүмкін дейді ол.