«Брат или брак 2» отандық прокаттың үздігі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Құралай Анарбекованың «Брат или брак 2» картинасын көременге ұсынғанына тура бір апта. Комедия аз уақыттың ішінде, киносүйер қауымның көңілін таба білгендей. Жас Айгерімовтер жанұясының жаңа хикаясы, отандық прокаттың үздігі деп танылды.

Үздік үштікті ресейлік - «Ленинградты сақтап қалу» картинасы 33 млн-ға жуық теңгемен қорытындылап тұр. 1941 жылғы қырғынды баяндайтын тарихи туындыда, Костя мен Настя есімді қос ғашық, аман қалу үшін су бетімен қатерлі сапарға шығады. Алайда олардың жолына дауыл ғана емес ысқырған оқ, жарылған бомба және анталаған фашистер бөгет болмақ.

Америкалық танымал актер - Марк Уолбергтің қатысуымен таспаланған «Үлкен отбасы» комедиясы екінші сатыға жайғасты. 50 млн теңгеден аса кіріс көрген фильмнің сюжеті – ерлі-зайыпты Пит пен Эллидің оқиғасын баяндайды. Ұзақ жылдар бойы нәресте сүйе алмаған жұп, ақырында бала асырап алуға бел буады. Нәтижесіне, бірден үш бүлдіршіннің ата-анасы атанған кейіпкерлер, балдырғандарды тәрбиелеуге келгенде түрлі қиындықтарға тап болмақ.

Құралай Анарбекованың «Брат или брак» картинасының жалғасы, көш бастап тұр! Көрермендерін жаңа хикаясымен қуантқан комедия қоржынына, 235 млн теңгедей қаражат түскен. Сүйіктісі үшін күресіп, оның бес бірдей ағасының көңілін тапқан Айдар, енді «жүктілік синдромына» шалдығады. Қиыншылыққа еті үйренген Айгерімов, бұл тығырықтан шығу үшін тағы да түрлі жанкештілікке бармақ.