Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші мәрте ана атануды қалайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың жанұясы осы жылы тағы бір жанмен толықса, таң қалмаңыз! Бұл құпияның шетін шығарған – Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі. Осы уақытқа дейін екі ұл мен қос қызды дүниеге әкелген хитменнің жары, келесі жүктілігі жайлы жоспарларын жария етті.

Отбасылық одақтың он жылын бала күтіміне арнаған Жұлдыз Әбдікәрімова, бүгінде танымал тұлғаға айналды. Аздаған уақыт ішінде әлеуметтік желіде ауқымды аудиториясын қалыптастырып, актрисалық және тележүргзушілік қабілетін де байқатып жүр. Қайрат пен жұбайының ендігі жоспары тағы бір сәби сүю.

Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:

-Дүниеге алып келуге дайынбыз біз. Себебі біз жақсы көреміз баланы. Біздің отбасы жалпы бала жанды. Төрт баламыз бар ғой. Қазақта санын айтпайды деп жатады. Енді елге бәрі белгілі ғой. Қанша бала бала бар екені. Енді біз, ол да, мен де қалаймыз!

Қыдырәлі мен Қарақат та өнерден бөлек, халықтың санын арттыруға ат салысып келеді. Жұлдызды жұптың жаняұсында төрт ұл мен кішкентай кестетігер өсіп келеді.

Қыдырәлі & Қарақат:

-Кейде архивтерді алып, отбасы болып отырып қараймыз. Біреуі бірге келген, біреуінің дүниеге енді келген кезі. Бәрі қарап, ішек-сілесі қатып күліп, мәз болып жатады. Сондықтан архив жинаған, өте жақсы дүние екен негізі. Қазір өздерінің өсіп қалғандарын сезінеді. Өсіп қалған бала жауапкершілікті сезінеді демекші.

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев те қазір көп балалы отбасының отағасы. «МуАрт» тобының әншісі бір ұл мен үш қызды тәрбиелеп отыр.

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

-Көп баланың әкесі атануды нәсіп етсін дейміз. Жылай берсін, әдемі ғой!) «Әр шаңырақта осындай сәбидің іңгәлаған дауысы шыға берсін» - деген, тілек айтам!

Ел демографиясына үлес қосқан отандық шоу-бизнес өкілдері мұнымен шектелмейді. Алтынай Жорабаева төрт ханшайымды дүниеге әкелсе, Динара Сұлтан екі атұстар мен үш қыздың анасы. Ал, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қос мұрагері мен үш бұрымдысы бар болса, режиссер Ақан Сатаев бес баланың әкесі.