«Тағдыр» бекеті үшін туған талас!

Сообщить о проблеме с эфиром

Баянның басы тағы дауға ілікті. «Тағдыр бекеті» фильмін түсірген продюсерды, Талғат Теменов авторлық құқықты бұзды деп айыптауда. Режиссердың пайымдауынша су жаңа туынды - «Махаббат станциясының» жалғасы екен. Өзіне кінә артқан әккі киногерге, атышулы Алагөзованың айтар жауабы бар.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Талғат Теменовке осыдан 2 жыл бұрын - «Махаббат» бекетінің жалғасын түсіру туралы ұсыныс білдіргенімде, бірден келіскен еді. Кейін қарсы екенін айтып, 50 мың доллар талап етті. Біз сол сәтте бірден фильмнің сценариін өзгерттік. Бұл мүлдем басқа оқиға, басқа кино! Ол кісінің дәл осылай дүрлігудегі мақсатын мен түсіне алмадым.

Иә, Баян ханым өзіне тым сенімді. Сондықтан болар, күні кеше БАҚ пен отандық шоу-бизнес өкілдерін жинап – «Тағдыр бекетінің» тұсауын кесті.

Фильм желісі Ұлан мен Гүлназ есімді жігіт пен қыздың махаббат хикаясын суреттейді. Қос ғашықты сомдаған Айгерім Мақсұтова мен Асқар Ілиясов кастинг арқылы бірден басты рөлге бекітілген.

Асқар Ілиясов, актер:

-Маған сценарий жіберді. Соған өзім «сама проба» деген бар. Соған өзімді түсіріп, жібердім. Сосын «иә» деп айтты.

Екі жастың ата-анасын «Махаббат» станциясындағы әйгілі үштік, яғни Бөпеш Жандаев, Баян Алагөзова және Қуанышбек Адылов сомдайды. Ал, бір-бірін құлай сүйген Ұлан мен Гүлназдың келешекке құрған жоспарын, әке-шешелерінің өткен өмірі күл-талқан етпек. Оларды тоғыстырған – «Тағдыр» бекеті. Теменовтің фильмінде Оралды ойнаған жігіт, бұл жолы – басты рөлдегі арудың әкесі.

Кунанычбек Адылов, актер:

-Режиссерға сендім. Режиссердың айтқанын істедім. Образ болды ма, болмады ма көреміз енді. Дайындалдым, образды іздедім деп айта алмаймын. Сегіз-ақ күн түстім. Біздің балаларымыз кездеседі ғой. Біз кішкене әке-шешесін ойнап, біздің аздау болды образдарымыз.

«Махаббат» станциясында өрбитін оқиға желісіне қанық көрермен, бұл жолы тұңғыш рет «Тағдыр» бекетін де тамашалады. Сонымен, Баянның су жаңа фильмі, Теменов таспалаған туындының жалғасы ма?

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

-Сол кездегі ойнаған актерлардың тағдырымен байланысты болғанан кейін, әрине ол кісінің де өзінше даулап жатқан дүниесі шығар. Шынымды айтсам мен екі арадағы әңгімені білмеймін. Бірақ бұл жердегі сценарийдің, басқа екенін мен жақсы білемін.

 

Алтынбек Рахметов, продюсер:

-Кейіпкерлері қалса да, желісі мүлде басқа. Есімде болса «Махаббат бекетінде» үлкен Гүлназда қыз болған секілді, мына жерде ұл.

Қос тараптың дауы немен тынарын, келешек көрсетеді!