«Әйнек» фильмі сынға ілікті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өз жалғасын тапқан америкалық «Әйнек» фильмі болса, көрерменге жол тартқаны сол-ақ еді, бірден киногерлердің сынына ілікті. Психологиялық триллер - «Мызғымас», «Сплит» ленталарының соңғы бөлімі болып табылады.

Режиссер Найт Шьямалан ұсынған драманың алғашқы кассалық табысы АҚШ елінде 40 млн доллардан асқан. «Universal» кинокомпаниясы таспалаған туындының қоржынына түскен бұл пайда, жоба авторларын қанағаттандырмаса керек. Бастапқы болжам бойынша, алғашқы кіріс – 50 млн доллардан кем болмауы тиіс екен.

Аталмыш лентаның сюжеті, «Сплит» фильміндегі оқиғаның 12 жылдан кейінгі көрінісін суреттейді. Жүйкесі жұқарған деп танылған Дэвид Данн, енді дұшпанына кеткен кегін қайтару үшін, түрлі қулыққа бармақ.