Бри Ларсон сүйіктісінен неге бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Бри Ларсон күйеужігітімен қарым-қатынасын үзді. «Марвел» жұлдызына, сүйіктісімен 8 жылдан кейін, ат құйрығын үзісуіне не себеп болды?

Актриса Бри Ларсон музыкант Алекс Гринвальдпен көңіл қосып, 3 жылдан кейін сөз байласқан еді. Тойларын жоспарлап жүрген ғашықтар енді айрылысып тынғандарын мәлімдеді. Бри бар уақытын шығармашылығына жұмсауды құп көрсе керек. Жақында өзі басты рөлді сомдайтын «Капитан Марвел» лентасын енді барынша жарнамалауға күш салмақ.

Ал Анджелина Джоли мен Леди Гага клеопатраның рөлі үшін таласқа түспек. Мысыр елінің патшайымының образын сомдауға, дәл осы екі актриса таңдалған. Жоба авторлары алғашында Джолиді қарастырғанымен, киноға енді қадам басқан әнші Леди Гаганың таланты да оларды тәнті етсе керек. «Sony» киностудиясы лентаға енді арнайы кастинг жариялаған.

Әнші Селена Гомес әлеуметтік желіге оралып, табынушыларын қуантты.

Бірнеше ай бұрын инстаграм парақшасын кереғар пікірлер үшін өшіріп тастаған ару, қайта қосылған. Өнерпаз жүйкесінің жұқарғаны салдарынан бірнеше ай бойы ем қабылдаған еді. Сауығып шыққан Селена қазір шығармашылығын мықтап қолға аламын деп уәде беруде.