Миланда ерлерге арналған сән апталығы өз шымылдығын түрген еді. Ең стильді серілер бас қосқан шарада, алғашқылардың бірі болып Dolce & Gabbana бренді өз топтамасын таныстырды!
Доменико Дольче мен Стефано Габбана су жаңа үлгілерінде – ерлердің еті үйренген әдеттегі «классикадан» аса ауытқығысы келмегендей. Топтаманың басым бөлігі – сәнді смокингтен құралған! Алайда, киімдердің арасынан жылтыр түстерді көптеп байқауға болады