Сән әлемінің соңғы трендттерін қалт жібермеймін деген Дильен болса, бұл күндері жаттығу залында аянбай тер төгуде. Әнші спорттан шалқар шабыт іздейтінін айтады. Соған қарағанда, «Мистерионстық» серінің шоу-бизнес көшіне қайта қосылар күні алыс емес секілді.
«Инвиктус» фитнес орталығы Қазақстан тарихындағы параканоэдан тұңғыш Азия чемпионы - Тайкенов Жалғасты қолдау мақсатында, қайырымдылық марафонын ұйымдастырды. Спорттық челенджге қатысушылар арасында «Мистерионстық» Дильен де бар.
Дильен, «Мистерионс» тобының әншісі:
-Мен шыны керек өзімді әлі тексерген жоқпын. Бүгін өзімді тексеруге келдім. 100-ден астам адам келді. Енді, соның ішінде үздік ондыққа кірсем де жақсы болушы еді.
Жаттығулар жасап, сайысқа түскен Дильен бала кезден спортқа үйір болып өскенін жасырмайды. Оның пікірінше, серілер сәнді киініп қана қоймай, дененің шынығуына да жақсылап ден қойғаны абзал.
Дильен, «Мистерионс» тобының әншісі:
-Негізі 8 жастан бастап спортты тастаған жоқпын әлі. Енді, жас кезден бастап таэквандо болған, футбол болған, жүзу болған, жүгіру болған. Енді, кроссфит.
Сондықтан болар, мінсіз мүсінді Дильенді артық салмақ сынды мәселелер ешқашан мазаламаған. Спортқа деген жақындық, физикалық емес, рухани қажеттіліктерімнің бірі дейді ол.
Дильен, «Мистерионс» тобының әншісі:
-Менің мақсатым - салмақ тастау немесе салмақ жинауда емес. Менің мақсатым, мен жүгірмесем, бір күн спортпен шұғылданбасам менің жұмысым тоқтап қалады, менің миым істемей қалады. Мотивациям жоғалады.
Әншінің айтуынша, дене шынықтыру залында Дильенге түрлі ойлар келеді екен. Тіпті, «Мистерионсқа» қатысты кейбір дүниелер де спорттың арқасында жарық көрді дейді ол