Отандық шоу-бизнестің тағы бір өкілі Сиви бай-бағландардың балаларына қатты ренжулі. Тұрмысқа шықпаған шағында, бақуатты жанұяда өскен жігіттермен кездесіп көрген бикеш, талай мәрте сан соғып қалған екен. Осы құпиясын ұзақ сақтаған Махмуди, бұл жолы ауқатты әулеттен шыққан серілердің сараңдығын еш бүкпесіз баяндап бермек.
Сиви Махмуди, әнші:
-Шет елді көріп қалған байдың баласы. Мені ылғи да кездесуге шақырады да. Өзі әдемі, көрікті, мінезі жақсы сияқты. Бірақ екеуміз отырған кезде счетты алып, санап-санап маған мынау сенікі, мынау менікі деген күндер болды. Сол кезде таңғалатынмын мен. Дүние десең, дүние жетеді.
Бұл Сивидің жүйкесін жұқартқан жігіттердің біреуі ғана. Әнші бикеш басы бос кезінде есірткіге елірген ерке балаларды да, нәпсіқұмар сері-сымақтардың да талайын көрген.
Сиви Махмуди, әнші:
-Сен бұрында стакан едің, қазір рюмка болып қалдың, деген сияқты әңгімелер айтады. Бұрын толық едің, қазір «талия появилась» дегені ғой. Я болмаса бассейнге барып, сенің фигураңды көру керек еді деген, әңгімелер мені қашыртатын да.
Ауқатты әулеттің мұрагерлерінен көңілі қалған Сиви, соңында өмірлік жары Аңсарды жолықтырады.
Сиви Махмуди, әнші:
-Жолдасым шыны керек ондай бай, қуатты жерден шықпаған. Бірақ өзіне жететіндей бай жігіт. Бірақ өз еңбегімен жеткен.
Жылдар жылжып, уақыт сырғыса да, дәл осы махаббат хикаясы Махмудидің кезекті клипіне арқау болыпты. Жаңа видеоның желісінде Сивиге екі жігіт қатар ғашық болады. Бірі бақуатты отбасының баласы, екіншісі қарапайым жанұядан шыққан азамат. Әнші, сценарий бойынша бұл жолы да шынайы өмірдегі шешімін қайталаған.
Сиви Махмуди, әнші:
-Соңында қарапайым жігітті таңдайды. Байдың жігітін тастап кетеді. Себебі байдың жігіті мінезін көрсетіп, өзінше болғаннан кейін, қыз қарапайым жігітті таңдайды.
Бейнебаянды таспалауға «Сендей жан миллион» атты трек таңдалыпты.