«Кешьюден» кеткен қыздардың бетпердесі...

Сообщить о проблеме с эфиром

Нағыз ақиқатты айтатын уақыт жетті. «Кешьюден» кеткен қыздардың сұхбатынан кейін, Бағым Мұхитденова дәл осындай тоқтамға келген. Продюсердың сөзінше - шәкірттерінің топқа қатысты айтқан ақпараттарының басым бөлігі жалған. Сонда шындық кімнің жағында?

Сара Амангелді, әнші: -Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызына келіп айттым. Менің жұмыс жасағым келмейді. Тура айттым. Менің контрактім біткен жоқ негізі. Аз ғана қалған. Бірақ, ол кісілер менің мінезіме қарап, айтты мына қыз қоймайды екен деп. Сосын жіберді...

Сара «Кешьюден» кетуінің себебін дәл осылай түсіндірген еді. Бірақ Бағым ханым, шәкіртінің сөзін жоққа шығарды.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер: -Шын мәнісінде бәрі өтірік. Біздің орталық қалаған уақытта келіп кететін жер емес. Бірінші шешімді біз қабылдаймыз. Оларды жұмыстан шығаратын да біз. Ал олардың не айтып жүргенін білмеймін.

Сара келісімшарттың соңын күтпей, топтағы жұмысын тоқтатқан. Бір беткей қыздың бұл шешіміне, ұжымдағы төрт түрлі мінездің кері әсері тисе керек.

Сара Амангелді, әнші: -Қанша қыздар келіп, кетіп жүрді. Топта әр адамның мінез әр түрлі. Сосын гелзбендте жұмыс істегім келген жоқ негізінде. Топта өзімді жайсыз сезіндім. Ол әр қызда болады.

Иә, мұндай күйді кезінде Мөлдір Әуелбековада басынан өткерген көрінеді.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Өтті әрине! Менде топта болдым ғой 6 жыл. Бізде топта көп құрам ауысқаннан кейін ол бір үйреншікті жағдай болды.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер: -Қыздармен сыйыса алмадым деген, біріншіден қасындағы әріптестерін сыйламағандығы деп білемін. Қалай ғана олай айтады? Мен түсінбеймін. Түсінгім де келмейді.

Қыздар қанша мәрте қытығына тисе де, Бағым ханым олардың ар-намысына нұқсан келтіруді қаламайды.

Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер -Егер шынымен не болғанын жұртқа жария қылсақ, біздің адамгершілігімізге сын болар. Ақыл тоқтатқан адамдармыз ғой. Сондықтан көп жерде үндемейміз. Оларды халыққа масқара қылып, еш нәрсе ұтпайтынымыз белгілі. Бірақ уақыт өте келе,

ақиқаттың беті ашылары сөзсіз.

Бүгінде Баян мен Бағым «Кешью» тобының жаңа құрамын жасақтаған. Атышулы ұжымдағы арулар келер жылдың басында көпшілікке таныстырылады.