Андреа Бочелли хип-хоп өкілдерінен озды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі тенор АндрЕа БоччЕли, рэп орындаушылар Дрейк пен Лил Уэйнді басып озды. Биллбордтың пайымынша, классикалық музыка өкілінің әнжинағы, хип-хоп орындаушыларға қарағанда өтімдірек көрінеді. Қамшы салдырмайтын үздіктер арасында тағы кімдер бар?

Шығармашылық жолда талай тер төксе де, бұл Андреа Боччелидің мансабындағы алғаш рет Биллборд чартында көш бастауы. Майталман музыкантқа табыс сыйлаған «Sì» атты әнжинақ, әйгілі тенордың 16-шы альбомы болып саналады.

Онда Андреа ұлы Маттео Бочелли, сондай-ақ Дуа Липа, Джош Гробан, Эд Ширанмен орындаған дуэттерін тыңдай аласыз. Еске салсақ, классикалық орындаушы мен Эд Ширанның «Perfect Symphony» кезінде көптің көңілінен шығып, талай хит-парадтың көшін бастаған еді.

Джоджи есімді өнерпаздың да аталмыш тізімнен табылуы көпшілік үшін күтпеген жайт! Сазгерлікті серік еткен жас әнші YouTube-тағы түрлі видеоблогтары арқылы танылған. «Ballads 1» - жапондық музыкант-композитордың алғашқы студиялық альбомы.

«Мені дәл қазір жақсы көрші?». Дәл осындай атауға ие болған рэп орындаушы Tory Lanez-дің туындысы да үздік әнжинақтар қатарында. Дрейктің жерлесі, әрі оның ізін қуған жас өнерпаз шығармашылық жолда тынбай еңбектенуде. LoVE me NOw? -ға дейін хип-хоп өкілі екі альбомын тыңдарманға ұсынып үлгерген.