Нұржан Керменбаев көршілерімен түсінісе алмағанын айтады. Түнгі уақытта ән салған қара бала, өзіне жақын тұратын пәтер иелерінің тыныштығын бұзған. Десек те, тәртіп сақшылары әнші жігітті дер кезінде сабасына түсірген.
Даусының әрдайым бабында болуын қадағалайтын қара бала, үйіне келсе бірден дайындыққа кіріседі екен. Пәтерде айхайлап ән салатын жігіттің қылығы, егде жастағы көршілерінің қытығына тисе керек. Бір күні есігін полиция қызметкері келіп қаққан.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Орыс әжелер келіп шағым тастайтын, арыз жазатын. Учаскелік полициялар келетін. Бірақ менің жүзімді көріп, танып Нұржан деп ескерту жасап, қой айналайын олай болмайды, білемін, түсінемін өнерпазсың. Дегенмен де түнгі 11:00-ге дейін не істесең істе, түнгі 11.00-ден көршілерді мазалама деп айтып кететін.
Бүгінде Керменбаев мекен-жайын өзгерткен. Көңілі де көтеріңкі. Бұрынғы жанжалға жақын жандарды, енді өзінің әріптестері алмастырған. Мәселен, Серікбол Сайлаубек, Ғаділбек Жаңай және Нұрлан Албан сынды танымалдар Нұржанның қазіргі көршілері.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Нұрлан Албан біздің жалпы басымызды қосқан деп айтсақ болады. Өйткені, біз ол кісіні «Абыз ата» деп атаймыз. Біздің ауданның, біздің мекен-жайдың. Өйткені сол кісінің бастауымен, сол жақта өнер адамдары тұра бастады. Сол кісінің шақыртуымен де біз келдік.
Көршілермен арадағы кикілжіңге қатысты тақырыпқа Майғазиевтің де айтары бар. Сәкен үйіне келіп шу шығарған адамдарды, сабырмен жеңеді екен.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Бір көршілерім бар төменде тұратын. Менің қыздарымның жүгіргенін көтере алмайды. Келіп үйімді басына көтеретін көршім бар. Менің ең ауыр сөзім: «Түшш, алтыным сабыр. Бала ғой деймін. Болды»! Ұрыспаймын.
Бүгінде Сәкен Майғазиев пен Мәдина Сәдуақасова Құдай қосқан көршілер деседі.