Жұлдыздар күйзелісті қалай жеңеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыздар да «ет пен сүйектен жаралған!» Халықтың қалаулысы атанса да, танымалдар күйзеліс дәмін талай татқандардың қатарында. Мәселен, Мәдина Сәдуақасова жабырқаулы күйден арылу үшін қандай амал жасайтынын айтып берді.

Ел алдында жүргендіктен, Мәдина Сәдуақасова жұрттың талқысына жиі ұшырайды. Жағымсыз пікір мен жұмыстағы сәтсіздік кімді де болса қажытары сөзсіз. Алайда, әнші жабырқауға жол бермей, көңіл-күйін көтеруге тырысады.

Мәдина Сәдуқасова, әнші:

-Мен өзімді үйретіп қойғам қалай стресстен шығу керек екенін. Енді, бала ғой бүкіл стресстен. Бүкіл шаршаған дейді ғой, енді жолдан шаршайсың. Бүкіл соның барлығын бүкіл негатив эмоцияның барлығын ,сол балам жаза алады.

Алайда, бұл кеңес жақында ғана үйленіп, әлі әке атанып үлгермеген Жеңісханға жарамайды. Киногердің өзі бала болып жүрген жайы бар. Құлази қалсам, бірден мультфильм тамашалауға асығамын дейді.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

-Көңіл-күйім қатты түссе, мен мультик көрем. Жаман хабар алсам да, мультик көрем. Сондықтан, мультик менің көңілімді өте көтереді. Кішкентай кезімнен, бала кезімнен келе жатқан мультиктер бар. Көп, Өзіме ұнайтын баяғыдан ұнайтын ленталар бар. «Ну, погодидің» киносы бар.

Ал, дизайнер Аида Кәуменова жан-дүниесі құлдырай қалса әуезді ән мен әсерлі музыкадан демеу іздейді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Мен өзімді бақытты болып сезінемін, таңертең тұрып алып, бәрін сабағына жіберіп, жұмысына жіберіп, үйде өзім бір сағаттай отырып, өзім бір «ютубтан» әдемі музыкаларды тауып алып, естіп отырғаным ол да маған жақсы нәрсе, жұғысты болады да.

Жұлдыздар қолданатын психологиялық әдіс-тәсілге қатысты мамандарының да өз айтары бар.

Евгения Ванахт, психолог:

-Күйзеліс – бойыңдағы күш-жігердің азайғаны. Энергияны толтыратын түрлі тәсілдер бар: медитация, йога дегендей. Жұлдыздарға сын көп айтылады. Сондықтан, өзге жанның жағымсыз пікіріне құлақ аспаған жөн.