Жапон елінің патша әулетінің ханшайымы тұрмысқа шықты. Аяко Мория есімді ару, қарапайым жігітті өзіне жар етіп таңдаған. Тіпті ол, махаббаты үшін патшалық лауазымынан да бас тартыпты.
28-ге келген Аяконың ғашығы - Кей Морни, қарапайым отбасында өскен. Өзінен 4 жас үлкен азамат,Жапон компанияларының бірінде қызмет атқарады. Ханшайымның үйлену тойы, Токио қаласының Мэйдзи шіркеуінде күншығыс елінің салт-дәстүріне сай өткізілді. Алайда, қарапайым азаматпен некелескені үшін император әулетінің өкілі, өз атағынан айрылды.
Аяко Мория, жапон ханшайымы:
-Мен махаббат пен шаттыққа толы қарапайым отбасы құрғым келді.
Шинобу Нарумия, Киото тұрғыны:
-Олардың сезімдері шынайы. Мен қатты таң қалдым. Біз сияқты, қарапайым адамды бақытты етті деп ойламын.