Приянка Чопра мен Ник Джонас қашан үйленбек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд та жаңалықтарға толы. Жұлдызды жұп Приянка Чопра мен Ник Джонас, үйлену тойдың дайындығына кірісіп кеткен. Актриса өзінен 10 жас кіші ғашығы музыкантпен, айтулы күнді желтоқсан айында Үнді елінде атап өтпек.

Приянка Чопра мен Ник Джонас жарты жылдан бері қарым-қатынаста. Ал, тамыз айында қос ғашық сөз байласып үйленуге шешім қабылдаған. Той актрисаның туған жері - Үндістанда атап өтілмек. Тек айтуылы күнде үнді халқының ғана емес ағылшынша салт-дәстүрлер де ескерілетін болыпты.

***

Бақилық болған Майкл Джексонның қызы, Пэрис те қалыңдық атанбақ ниетте. 20 жастағы ару, алты айдан бері көңіл қосқан жұбы музыкант Гэбриел Гленнмен отау құрмақ. Алайда, сәнбикенің жақындары, тек неке келісімшартына ғана рұқсат бермек. Себебі Пэристің туыстары, поп-патшасынан мұраға қалған 110 млн АҚШ доллары үшін алаңдаулы.

***

«Тақтар ойынының» жұлдызы - Эмилия Кларк, сүйіктісін көрсетті. Танымал актрисаның көңіл жарастырған серісі - режиссер Чарли МакДауэлл. Бұл жайлы қос ғашық өз инстаграм парақшаларына бірге түскен суреттерін жариялаумен мәлімдеді. Эмилия, жақында ғана 32 жасқа толған туған күнін, Чарлимен атап өткен екен.