Бұл сәт «91» тобының тыңдармандары үшін таңғажайып күн. Әдетте, «Найнти Уан» мемберлеріне алыстан ғана қол бұлғайтын иглздар, бұл жолы сүйікті кумирлерімен қауышып, олардан қолтаңба да алды. Ал, фанаттармен өткен кездесудің басты кейіпкерлері – Эйзи мен Бала!
Белсенділігі ешқашан бәсеңсімеген «Иглздар» бұл жолы да бұрынғы үрдістен жаңылған жоқ. Әдеттегідей «Найни уанның» әндерін бірге шырқап, сүйікті кумирлерімен кездесуге тас-түйін дайын. Бірақ жүздесуге келген жанкүйерлер фан-сайн кезінде қойылған талаптарды бұлжытпай орындауы тиіс.
-Көбінесе айхай-шу болып кетеді ғой. Сол бұл жерде ереже міндетті түрде сақталу керек деп ойлаймын.
-Ең біріншіден оларды құшақтауға болмайды. Артық сұрақтарды қоюға болмайды.
Фан-сайн – кумир мен тыңдарманның кездесуі және сүйікті әртістің қолтаңбасын алып, естелік суретке түсу. Ал, бүгінгі жиынның басты кейіпкерлері Эйзи мен Бала, табынушылары үшін тікесінен тік тұрып қызмет етуге әзір.
Bala, «Ninety one» тобының әншісі:
-Басында жалпы тәртіп жағынан кішкене қиындау болды. Адам сандары кішкене өлшенбейтін ең басында. Қазір бәрі рет-ретімен бәрі жақсы, бәрі жақсы өтеді. Көбінесе өзіміздің «Найнти уанның» жеке концерттінде болады фан-сайн, фан-митингтер. Кейде бір осындай кездерде болып қалады арасында.
Отандық шоу-бизнеске «фан-сайн» терминін енгізген де дәл осы жігіттер. Сондықтан, «91» тобы үшін мұндай бас қосулар таңсық емес. Бірақ әр кездесудің өзіндік тақырыбы мен ерекшелігі болуы тиіс.
Bala, «Ninety one» тобының әншісі:
-Балмұздақ бүгінгі ерекшелігі фан-сайнның... Мен мысалы балмұздақты жақсы көретін адаммын. Балмұздақты жақсы көрмейтін адамдарды бірінші рет көрдім. Жалпы ондай адамдардың бары қызық екен.
Айта кетейік, бұл фан-сайн таяуда алғаш рет өтетін «Кью-поп» фест жобасының аясында ұйымдастырылып отыр.