Салтанат Бақаева сазгер мен ақынға қалауындағы туындыны жаздырып алғанымен, оларға бір құрмет көрсетуде әлі де салғырттық танытуда. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын қаламақыға келгенде сараңдығын байқатқан бикеш, бұл жолы ән мәтінінің авторын айта алмай әбігерге түсті.
Әнші, сазгер және ақын! Салтанат дәл осы шығармашылық тандемнен әдемі ән дүниеге келетінін түсінеді. Бірақ Бақаева сол туындыны кәдесіне жаратуды білгенімен, олардың авторларын құрметтеуге құлықсыз.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
-Су жаңа әнім бар. «Сен үшін» деп аталады. Ғазизхан жазған әнін. Сөзін жазған Сара Тоқтақұлова. Ммм... Тоқтамысова ма? Как правильно фамилия? Сейчас, который акын? Сейчас...
Иә, Салтанат есіне түсіре алмаған ақынның тегі Тоқтамысова еді. Ал, Әли мен кіші Еңсепов өздері бірге шырқайтын әннің авторларын жақсы біледі. Тіпті дуэттің шығармашылық шығынын да бөліп төлейді. Бірақ сол қаржының мөлшеріне қатысты сауалдан Сырымтай сасып қалды.
Сырымтай Еңсепов, әнші:
-Әрине, бөліп төленіп жатыр. Өзіміздің... енді ойымыз солай болып шығып жатыр. Осы жерді айтпай-ақ қояйықшы..
Сырымтай сырын ішінде сақтағысы келген сыңайлы. Ал Ернар Айдар ойына келгенін камера алдында көрсетуге құмар-ақ!
«Melo’Men» тобы
-Тек беру ғана қалды кешімізді.
-Жақсы, сәттілік. Бұзғаным үшін кешірім сұраймын сұхбатты.
«Меломендіктер» байсалдылық танытқанымен, аға буын кешірмейді-ау...
Қалдыбек Құрманәлі, композитор:
-Қазақша... кім інім тұра тұршы-ей... кім әдейі істеп жүрсің бе? Не болды сонша?..
Иә, камераның артында композитор Қалдыбек Құрманәлінің қытығына тиген тағы сол Ернар Айдар.