Бастапқыда «Найнти уандағы» BALA-ның «ғашығы» ретінде көзге түскен Зирузаның жеке өміріне қызығушылық танытқан табынушылары бүгінде көп-ақ. Соңғы кездері әнші қызды «Moonlight» тобының экс-мүшесі Ерікпен жұптастырып жүр.
Ерік Төленовке әншілік кәсібі емес, композиторлық қабілеті көбірек табыс әкеледі. Отандық шоу-бизнестегі әріптестеріне туындыларын сататын сазгер, Зирузаға келгенде жомарттық танытады екен.
Ерік Төленов, «Moonlight» тобының экс-әншісі:
- Зируза жайлы айтатын болсақ, мен оған әлі ән сатқан жоқпын. Тек сыйға тарту. Өйткені керемет орындаушылардың бірі.
Бұл трек Еріктің Зирузаға сыйлаған «Төзім атты »туындысы. Сондай-ақ сері жігіт, кью-поп ханшайымының «Queen» әнінің жарыққа шығуына да өз үлесін қосқан. Ал өнерде бір-бірінен жәрдемін аямайтын жастардың арасында сезім бар ма?
Ziruza, әнші:
-Тек қана жұмыс жағдайында болған қарым-қатынас. Біз бір-бірімізді танимыз. Сол жерде танысқан болатынбыз. Жалпы олай жаман ойлаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәріміз бірде жұмыс жасап жүргеннен кейін, бір бағытта жүргендіктен ондай сыбыстар
болады.
Ерік Төленов, «Moonlight» тобының экс-әншісі:
-Зирузаны тек қана қарындасым ретінде көремін. Дос ретінде қарауға болады. Бірақ жаңағы сезім дегендей жоқ!
Иә, сезім оты тұтанған жағдайда бірінші болып Зирузаның продюсері білуі тиіс. Өйткені, Ерлан Әлімов пен әнші қыз жеті жылдық келісімшартқа қол қойған.
Ерлан Әлімов, продюсер:
-Қыздың миы орынында болатын болса, ол ешқандай баланы жолатқызбайды. Ешқандай жігітке уәде беріп, шанс бермейтін шығар. Ол тек қана қызға байланысты. Әзірге жүріп жүрген жігіті жоқ. Біз келіскен болатынбыз, егер жігітің болса міндетті түрде айта сал деп.
Екі жастың қарым-қатынасына қызығушылық танытқан табынушыларға Ерік пен Зирузаның жауабы осы. Бірақ әріптестер арасындағы шығармашылық байланыс тоқтап қалмақ емес.